«Ферменттермен катализденетін
реакциялардың кинетикасы»
пәні бойынша дәрістер
жинағы
Кіріспе
1.1.
Курстың мақсаты
Студенттерге ферменттік
реакциялардың кинетикасы, кинетикалық мәліметтерді өңдеудің
әртүрлі әдістері мен тәсілдері жөнінде, ферменттік активтілікке әсер ететін
факторлар туралы, қазіргі кездегі ферменттердің инактивациясы және
ферменттерді тұрақтандыру мәліметтері жайында, ферменттік
реакциялардың гетерогенді жүйелердегі, медицинадағы, өсімдіктер
селекциясындағы, биотехнологиядағы қолдану мүмкіндіктері
туралы терең білім беруді көздейді.
1.2 Курстың мәні
Курсты оқудың нәтижесінде студентттер фермент-субстратты комплекстердің
ерекшеліктері туралы, ферменттердің әсер ету механизмі, ферменттік
реакциялардың қарапайым сатыларының жылдамдық тұрақтыларын
анықтау, ферменттік активтілікті, реттеу әдістері жайындағы,ферменттер
денатурациясының механизмі жөніндегі білімдерді меңгеруі қажет.
Курсты игеру кезінде студенттер қайтымды реакциялардың кинетикасы,
екісубстратты және фермент кофактормен активтелген реакциялар жөнінде,
бір және екі субстратты қарапайым ферменттік реакциялар туралы
білім алуы қажет..
1.3 Курстың
оқу процесіндегі орны
«Биотехнология» мамандығының студенттеріне пәнді жүйелеп
оқытудың және өзара байланыс сызбасы бойынша
«Ферменттермен катализденетін реакциялардың кинетикасы» курсы биохимия, микроағзалар биотехнологиясы
, жалпы биотехнология, инженерлік энзимология пәндерінің табиғи
жалғасы болып саналады. Аталған курс ферменттік реакциялардың
кинетикасын терең оқытуға бағытталған. Ол басқа
пәндердің мазмұнын қайталамайды және
биотехнология кафедрасындағы оқытудың жалпы құрылымында
дербес бөлік ретінде саналады.
Студенттің білімін бақылау, дәрісті
және практикалық сабақты жазбаша, ауызша жауап берумен
тексеріледі және коллоквиум тапсырумен студенттердің білімін бақылау
графигі бойынша орындалады.
1.4 Оқу процесіндегі дәріс сабақтарының
орны
Дәріс сабақтары «Ферменттермен
катализденетін реакциялардың кинетикасы» пәнінің оқу жұмысының
маңызды түрінің бірі және мамандықтың оқу
жоспарында қарастырылған сағат орындалады. Дәріс сабақтарының
мақсаты студентке қажеттті теориялық мәліметттерді
береді, оны талдауды үйретеді, жалпы қазіргі кездегі белгілі заңдылықтармен,
тұжырымдармен, ғылымның аталған саласындағы жаңалықтармен
таныс-тырады, білім алу деңгейінің
мүмкіндігін дамыту болып табылады.
Дәріс сабақтарын жүргізу түрлері:
- Хабарламалы сипаттағы дәрістер;
- Мәселелік дәрістер;
- Әңгімелесу сипатындағы дәрістер;
- Конференция сипатындағы дәрістер ;
- Диалог түріндегі дәрістер;
1.5. Дәріс сабақтарын
жүргізу және ұйымдастыру талабы
Дәріс сабақтары оқу пәнінің
жұмыс бағдарламасына сәйкес жүргізіледі және ұйымдастырылады.
Дәріс сабақтары студенттердің
академиялық топтарында жүргізіледі.
Дәріс сабақтары кафедра мәжілісінде,
институттың әдістемелік алқасында бекітіліп, әдістемелік
нұсқаумен қатты қағазда қаматамасыз етілуі қажет.
Сабақ жүргізуде дәріс жинақтары электронды және қатты
тасымалдағышта болуы мүмкін. Дәріс сабақтары қажетті оқу және
ақпараттық әдебиеттермен қамтамасыз етілуі қажет.
1.6 Дәріс сабақтарының
мазмұны
Дәріс сабақтарының аталуы және реті
Модуль №1
1. Кинетиканың жалпы сұрақтары.
Реакция жылдамдығы және жылдамдық тұрақтысы.
Жылдамдық тұрақтысын анықтау әдістері. Реакция
реті және молекулалығы. Кинетикалық теңдеулер.
2. Биокинетика. Ферменттер. Олардың
жіктелуі, аталуы, қасиеттері, активті орталықтары, ферменттік
реакциялардың кинетикасы, ферменттер қатысында активтендіру
энергиясының өзгеруі
3. Ферменттік реакциялардың жылдамдығына
әсер ететін факторлар (субстрат концентрациясы,температура, ерітінді рН
т.б.). Фермент-субстратты ком-плекстер.
4. Михаэлис-Ментен теңдеуі және оның
параметрлерін анықтау.
Модуль
№2
5. Бір және екісубстратты қарапайым
ферменттік реакциялардың кинетика-
сы. Бірнеше активті орталығы бар ферменттердің қатысуымен
өтетін ферменттік реакциялардың кинетикасы.
6. Фермент субстраттарын белсендендіру және
ингибирлеу әдістері.
Субстраттық
белсендендіру. Ингибирлеу кинетикасы.
7 Ферменттерді тұрақтандыру әдістері.
Гетерогенді жүйелердегі ферменттік реакциялар. Ферменттік реакциялардың
өнеркәсіпте, биотехнологияда қолдану аймақтары.
|
№ |
Күні |
Модульдің және тақырыптың аты |
Тапсыр-маның және реферат-тың, жат-тығудың
нөмірі |
Жүргізу формасы және бақылау әдісі |
Бақылау түрі |
Студенттерде қалыптасатын
білім және ептілік |
||
|
Модуль №1 |
||||||||
|
1. |
|
Кинетиканың жалпы сұрақтары.
Реакция жылдамдығы және жылдамдық тұрақты-сы.
Жылдамдық тұрақ-тысын анықтау әдістері. Реакция
реті және мо-лекулалығы. Кинетикалық тең-деулер. |
|
Хабарламалы дәріс |
Тесттер |
Жалпы кине-тика туралы білімді қалып-тастыру |
||
|
2. |
|
Биокинетика. Ферменттер. Олардың
жіктелуі, аталуы, қа-сиеттері, активті орта-лықтары, ферменттік
реакциялардың кинети-касы, ферменттер қаты-сында активтендіру
энергиясының өзгеруі |
|
Хабарламалы дәріс |
Тесттер |
Ферменттер, олардың түр-лері, жіктелуі және
фер-менттік реак-циялар тура-лы білімнің негізін қалау |
||
|
3. |
|
Ферменттік реакция-лардың жылдамдығына
әсер ететін факторлар (субстрат концентра-циясы, температура, ерітінді
рН т.б.). Фермент-субстратты комплекстер. |
|
Диалог-дәріс |
Тесттер |
Ферменттік реакциялардың жылдам-дығына
әсер ететін фак-торларды бі-лу, Фермент-субстратты комплекстер туралы түсі-нік. |
||
|
4. |
|
Михаэлис-Ментен тең-деуі және
оның пара-метрлерін анықтау. |
|
Мәселелік дәріс |
Бақылау жұмысы |
Михаэлис-Ментен тең-деуін және оның пара-метрлерін
анықтай білу. |
||
|
Модуль №2 |
||||||||
|
5. |
|
Бір және екісубстратты қарапайым ферменттік реакциялардың
кинети-касы. Бірнеше активті орталығы бар фермент-тердің қатысуымен
өте-тін ферменттік реакция-лардың кинетикасы |
|
Хабарламалы дәріс |
Реферат |
Бір және екі-субстратты қарапайым ферменттік реакциялардың
кинетикасы туралы түсі-нік. |
||
|
6. |
|
Фермент субстраттарын белсендендіру және
ин-гибирлеу әдістері. Суб-страттық белсенден-діру. Ингибирлеу
кине-тикасы. |
|
Конференциялық дәріс |
Реферат |
Фермент суб-страттарын белсендендіру және инги-бирлеу әдісте-рін
білу. |
||
|
7. |
|
Ф Ферменттерді тұрақтан-дыру
әдістері. Гетеро-генді жүйелердегі фер-менттік реакциялар.
Ферменттік реакция-лардың өнеркәсіпте, биотехнологияда қол-дану
аймақтары. |
|
Конференциялық дәріс |
Реферат |
Ферменттерді тұрақтандыру әдістерін, ге-терогенді жү-йелердегі
фер-менттік реак-цияларды, ферменттік реакциялардың қолдануын
білу. |
||
1.7. Дәрістер жинағы
(қысқаша теориялық мәлімет).
№ 1 дәріс
Дәріс сабағының
тақырыбы: Кинетиканың жалпы сұрақтары.
Дәріс жоспары:
1.1
Химиялық кинетика іліміндегі атаулар және
ұғымдар
2.2 Әрекеттесуші массалар заңы. Тепе-теңдік тұрақтысы
3.1. Реакцияның ретін анықтау
1. Кіріспе.
Химиялық кинетика – химиялық реакциялардың
жылдамдығын және оған әсер ететін әртүрлі
факторларды (әсерлесуші заттар концентрациясы, қысым, температура,
заттар табиғаты, катализатор әсері т.б.), реакция механизмін зерттейді.
Кинетиканың практикалық мақсаты айқын, себебі
кинетика заңдары мен реакция механизмдерін білу арқылы химиялық
процестерді басқаруға болады. Өнімдердің шығымы,
яғни еңбек пен өндірістік құралдардың
тиімділігі химиялық реакциялардың жылдамдығына байланысты.
Химиялық кинетика
негізгі екі бөлімнен тұрады. 1) реакцияның механизмін қарастырмай
реакция жылдамдығының математикалық өрнегін беретін
формальды кинетика; 2) молекулалық
кинетика – химиялық әрекеттесулердің механизмі туралы ілім.
1.1 Химиялық кинетика іліміндегі атаулар және
ұғымдар
Химиялық
кинетика ілімінің айналысатын негізгі мәселелеріне төмендегілер
жатады:
1. Химиялық реакцияның, уақыт
бойынша белгілі бір заңдылықпен жүруі және оның
температура, концентрация және т.б. жағдайларға қатысты
тәуелділігін табу.
2.
Химиялық реакциялардың ішкі сырын (механизмін) ашу, яғни
сатылап өтетін өзгерістердің баяу жүретін бөлігін
анықтау; реакция жылдамдығына аралық өнімдердің,
элементар бөлшектердің табиғатын және әсерін
талдау.
3.
Кинетикалық зерттеулер және молекула, ион құрылымының
мәліметтеріне сүйене отырып, әрекеттесуші заттардың
реакцияға бейімділігін анықтау.
4.
Химиялық кинетиканың теориялық бөлігі-әрекеттесуші
заттар молекулаларының физикалық және химиялық қасиеттерін,
құрылысын негізге ала
отырып, квантты химия, статистикалық физика тәсілдері арқылы
реакция жылдамдығының константасын анықтайды.
Реакция
уақыты - әрекеттесуші
зат концентрациясының реакция нәтижесінде өзгеруіне қажетті
уақыт бөлігі.
Жартылай әрекеттесу уақыты - τ/2 –бастапқы зат мөлшерінің
жартысы әрекеттесуге қажетті уақыт шамасы. Реакция жылдамдығы,
әрекеттесуші заттар молекулаларының тасымалдану жылдамдығымен
анықталса, онда реакция диффузионды бөлікте, ал химиялық өзгеріс
жылдамдығымен анықталса, кинетикалық бөлікте өтеді
деп қабылданады. Диффузионды бөлікте, өзгерістің баяу
сатысы диффузия, ал кинетикалық бөлікте - химиялық
реакция жүруін сипаттайтын мүмкін болатын өзгеріс сатыларының ең
баяуы қабыданады.
Қамал
әсері (клеточный
эффект) - әрекеттесуші зат бөлшектерінің еріткіш
молекулаларының қоршауы ішінде өзара әрекеттесуі.
Химиялық
реакцияның молекулалық көрсеткіші - реакцияның қарапайым сатысында өзгеріске
ұшырайтын бөлшек (молекула, ион, т.б.) саны.
Химиялық
индукция - химиялық
реакциялардың біреуінің орын
алуы, екінші біреуінің жүруіне ықпал етеді. Қарастырылып
отырған жағдайда бірінші өзгеріс орын алмаса, екінші реакция
жүрмейді немесе баяу өтеді.
Химиялық
кинетиканың 1 - міндеті -
тәжірибе не есептеулер арқылы, табылған реакция жылдамдығының
тұрақтысы мәнін негізге ала отырып, берілген кинетикалық
схема бойынша әрекеттесуші заттардың, не түзілген өнімдердің
кинетикалық мәліметтерін есептеу.
Химиялық
кинетиканың II - міндеті -
реакция жүруін сипаттайтын кинетикалық мәліметтер негізінде,
реакция жылдамдығының тұрақтысын анықтау.
2. Реакция жылдамдығы және
реакция жылдамдығының тұрақтысы
Практикада реакциялардың,
оның ішінде биохимиялық реакциялардың жылдамдығын әдетте
реакцияға түсетін бастапқы заттардың немесе реакция өнімдерінің
концентрацияларының өзгерістері арқылы белгілейді.
Реакция жылдамдығы бірлік
көлемдегі бірлік уақыт ішінде әрекеттескен заттардың мөлшерімен
анықталады.
Жалпы жағдайда жылдамдық уақыт бойынша өзгереді,
сондықтан оны берілген жүйенің тұрақты көлеміндегі
әрекеттескен заттардың концентрацияларының уақыт
бойынша туындысы ретінде анықтайды.
υ = - dc / dt (1)
мұнда,
υ – әрекеттесуші заттардың концентрацияларының
кемуі бойынша өрнектелген реакция жылдамдығы, t – уақыт.
Уақыт өткен сайын әрекеттесуші
заттардың концентрациялары азаяды, сондықтан туынды алдында теріс
таңба тұр. Егер реакция жылдамдығын реакция өнімдерінің
біреуінің концентрациясы арқылы белгілесек (өнімдер
концентрациясы уақыт өткен сайын артады), онда
υ
= dc / dt (2)
![]()
Егер
реакция
теңдеуімен сипатталса, онда реакция жылдамдығы
мына теңдікпен анықталады:


немесе
интегралды түрі
Мұндағы
υ- жанама жүргізу арқылы табылған реакция жылдамдығының
нақты мәні (келесі бөлімде қарастырылады);
υ
- реакциянын орташа жылдамдығы;
dc - өте аз уақыт ішіндеп өте аз концентрация өзгерісі;
dτ
«-» - әрекеттесуші зат
концентрациясы бойынша анықталған жылдамдық;
«+ »- түзілген өнім концентрациясы
бойынша анықталған жылдамдық;
υ і - і -әрекеттесуші
затына немесе түзілген өнімге тиісті стехиометриялық
коэффициент.
Егер,
әрекеттесуші заттар реакция өтетін аймақта біркелкі
таралмаса, онда реакция жылдамдығы да әркелкі болады. Бұл
орайда, бірлік көлемдегі жылдамдық шамасын кіргізіп, оны «r» деп
белгілейді де төмендегідей формула арқылы есептейді:

Мұндағы V - зат мөлшері біркелкі таралған
реакция өтетін кеңістік-тің бір бөлігі, см3, дм3, м3;
dc/dt - сол
«V» көлемдегі өте аз уақыт ішіндегі өте аз концентрация
өзгерісі.
Мұндай
есептеулерді үлкен реакторлардың белгілі бір бөліктерінде
орын алған реакция жылдамдықтарын анықтау үшін қолданады.
Көп жағдайларда реакция жылдамдығын уақыт бірлігіндегі
концентрация өзгерісімен есептей береді. Ашық жүйелер үшін
әрекеттесуші зат концентрациясы химиялық реакция және реакторға
жаңадан келіп түсетін зат мөлшері нәтижесінде өзгереді.
Химиялық өзгеріс жылдамдығы мен әрекеттесуші зат мөлшерінің
келу жылдамдығы теңелген жағдайда реакция жылдамдығы төмендегі
формуламен анықталады.

Мұндағы и - әрекеттесуші затты реакторға
беретін көлемдік жылдамдық;
Со
- реакторға кіре берістегі концентрация мәні;
С
- реактордан шыға берістегі
концентрация мәні.
Көптеген
реакциялар әртекті фазада заттардың бір-бірімен жанасу бетінде орын
алады. Бұл жағдайда химиялық реакция жылдамдығы уақыт
бірлігінде, бірлік аудан бетіндегі зат мөлшерінің өзгерісімен
сипатталады, яғни:

Өлшем
бірлігі: моль/м2-с, моль/м2-мин.
V
- көлемдегі жылдамдық шамасы мен
S
- аудан бетіндегі жылдамдық арасындағы байланыс төмендегідей:

Химиялық
реакциялар ерітіндіде, газ күйінде өтуі мүмкін. Осыған қарай
реакция жыддамдықтарының да өлшем бірліктері әртүрлі
болады.Олардың арасындағы байланыс төмендегідей түрде болады:

Реакция
жылдамдығын зат мөлшерінің өзгерісі арқылы
сипаттау, халықаралық «ИЮПАК» жүйесіндегі реакцияның аяқталу
дәрежесі (степень завершенности) - ς, шамасымен былайша анықталады,
яғни:

мұндағы υ - реакция жылдамдығы;
dξ - реакция аяқталу дәрежесінің
өзгерісі;
dnt
- і -заты мөлшерінің
dt - мерізіміндегі өте аз өзгерісі;
∆ni - і - затының ∆τ- уақытындағы мөлшерінің өзгерісі;
v,
- стехиометриялық коэффициент.
Осы
орайда зат мөлшерін оның концентрациясы яғни ni=CiVi арқылы
өрнектесек реакция жылдамдығының формуласы төмендегідей
болады:

мұндағы υ- реакция жылдамдығы;
С,
- і - затының концентрациясы;
v, -
стехиометриялық,коэффициент;
τ
- уақыт.
Реакция
жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғаттарына,
температураға, катализатор әсеріне, заттар концентрацияларына және
т.б. факторларға тәуелді.
1.4 Әрекеттесуші
массалар заңы. Тепе-теңдік
тұрақтысы
Әсерлесуші массалар заңына сәйкес,
химиялық реакцияның жылдамдығы
А +
В = С
реакциясы үшін мына теңдеумен анықталады.
υ
= к [ А] . [ В] (3)
мұнда, [А] және
[В] -
әрекеттесуші заттардың концентрациялары, к – реакция
жылдамдығының тұрақтысы. (3) өрнекті химиялық кинетиканың
негізгі постулаты деп атайды. Бұл өрнекті 1867 ж. Гульдберг және
Вааге өз еңбектерінде кинетикалық тұрғыдан қорытып шығарды.
Тұрақты
температурада химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші
заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура тәуелді
(егер заттардың стехиометриялық коэффициенттерін концентрацияның
дәрежесі түрінде өрнектесек ).
Егер әрекеттесуші
заттардың концентрацияларының бәрін 1-ге тең деп алсақ,
онда жылдамдық тұрақтысының физикалық мәнін
табуға болады. Бұл жағдайда, υ =
к.
Химиялық
реакцияның жылдамдық тұрақтысы дегеніміз әрекеттесуші
заттардың концентрациялары 1-ге тең жағдайдағы
реакцияның жылдамдығы болып табылады. Жылдамдық тұрақтысы,
жылдамдық сияқты, әрекеттесуші заттардың табиғаттарына,
температураға, катализатор қатысына тәуелді, бірақ
концентрацияға тәуелсіз. К белгілі мәндері бойынша әртүрлі
реакциялардың жылдамдықтарын салыстырады.
Қарапайым түрдегі реакциясы үшін,
химиялық
кинетика ілімінде әрекеттесуші массалар заңы төмендегі түрде
жазылады:

мұндағы, υ - реакция жылдамдығы;
k
- реакция жылдамдығының тұрақтысы;
Са1 Са2 - әрекеттесуші
заттардың концентрациялары;
v\ > V2 ~ стехиометриялық
коэффициенттер.
Бұл
теңдеу - кинетика ілімінің негізгі заңы болып
есептелінеді.
Көп
жағдайда, химиялық реакциялар сатылап өтетіндіктен жылдамдық
шамасы, теңдеу бойынша табылған мәнге сәйкес келе
бермейді. Осы себепті химиялық реакцияның кинетикалық теңдеуін
төмендегіше өрнектейді:
![]()
мұндағы п1, п2 - тәжірибе
жүзінде анықталады және реакция ретін көрсетеді.
Қайтымды
химиялық реакциялар үшін тура бағыттағы реакция
жылдамдығымен кері бағыттағы реакция жылдамдығының
теңелуі, химиялық тепе-теңдік орнағандығын
білдіреді.
Мысалы:

Тура
бағыттағы реакция жылдамдығы:
![]()
Кері
бағыттағы реакция жылдамдығы:
![]()
Тепе-теңдік
шарты бойынша жылдамдықтар теңеледі, яғни:
![]()
![]()
немесе
Теңдікті
түрлендіріп төмендегідей түрге ендіреміз:

![]()
мұндағы
қатынасы
К - деп белгіленіп химиялық
тепе-теңдік
константасы деп аталады.
Демек,

Кез-келген
химиялық қайпымды реакция үшін жоғарыдағы өрнек,
әрекеттесуші массалар заңының тепе-теңдік тұрақтысы
теңдеуін сипаттайды.
Жалпы
![]()
реакция
үшін

Әрекеттесуші
заттар газ күйінде болса, тепе-теңдік тұрақтысы сол
газдардың дербес (парциалды) қысымдары арқылы өрнектеледі:

Сонымен
қатар, тепе-теңдік тұрақтысын, термодинамикалық тұрғыдан
1885 ж. Вант - Гофф қорытып шығарды. Бұл орайда анықтама
құралында келтірілген стандартты изобарлы түзілу потенциалдары (∆G) бойынша
химиялық реакция үшін ∆ rG° анықталады.
Мұнан соң
∆rG°
= -RT lnK0 теңдігін
пайдаланып, Кр - стандартты тепе - теңдік тұрақтысы
анықталады. К° және Кp арасындағы байланыс
төмендегіше өрнектеледі:

мұндағы Кp - тепе-теңдік тұрақтысы;
Кр
- стандартты тепе-теңдік
тұрақтысы;
рО
- стандартты қысым 1,01385-105Па;
∆
п -өнім мен бастапқы
зат мөлшерлерінің айырмашылығы.
Егер,
қысым атмосферада берілсе немесе ∆п = 0 болса, онда тепе-теңдік
тұрақтысы әрекеттесуші зат концентрациясы арқылы өрнектелсе,
ол «Кс» деп белгіленеді де К шамасымен қатынасы мына формула
арқылы байланысады:
![]()
Мұндағы
R - универсалды газ тұрақтысы; қысым Па - мен берілсе R = 8,314 Дж/(моль-К) ; қысым атм.,
концентрация моль/л -мен берілсе R = 0,082
моль К - термодинамикалық температура, К; ∆п - реакция өнімі мен
бастапқы зат мөлшерлерінің айырмашылығы.
Айтқанымыз
түсінікті болу үшін мысалдар қарастыралық.
1
- мысал. Сутегімен
иодтың қосылуы барысында тепе-теңдік орнады да, осы жағдайда
әрекеттесуші зат концентрациялары төмендегідей болды:

Әрекеттесуші
заттардың бастапқы концентрациясын және тепе-тендік тұрақтысын
анықтау қажет.
Есепті
шешу үшін реакция тендеуін жазып аламыз:
![]()
Теңдеу
бойынша бірлік көлемдегі зат мөлшерлеріне есептеу жүргіземіз:

1,8моль J түзілу үшін 0,9 моль Н,
және осындай мөлшерде иод қажет. Олай болса, әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациясы
мынаған тең:
![]()
Тепе-теңдік
тұрақтысының мәні:

Осы
заттар газ күйінде болған жағдайда Кр -мәні
былайша есептеледі:

3. Реакция реті мен молекулалығы
Химиялық
реакцияның молекулалығы реакцияның элементар (қарапайым)
сатысына қатысатын молекулалардың (бөлшектердің)
снаымен анықталады.
Молекулалығына
байланысты бірмолекулалы, екімолекулалы және үшмолекулалы болып бөлінеді.
Бірмолекулалық реакцияларға
А → В немесе А →
В + С
түрлеріндегі молекуланың қарапайым құрамдас
бөліктеріне ыдырау реакциялары жатады, мысалы:
СН3СОСН3 →
С2Н4 + Н2
+ СО
Екімолекулалы реакцияларға А + В → С немесе
2А → В түрлеріндегі реакциялар жатады, мысалы, Н2
+ I2 → 2НI
3А → В
немесе А + 2В → С түрдегі
үшмолекулалы реакциялар сирек кездеседі.
мысалы, 2NO + O2
→ 2NO2
Реакция
реті химиялық реакция жылдамдығының (3) өрнегіне енетін
концентрациялардың дәрежелерінің қосындысы ретінде анықталады.
Реакциялар
бірінші ( υ = кс), екінші ( υ
= кс2), үшінші ( υ = кс3), сонымен бірге, нөлінші
және бөлшектік ретті болып жіктеледі. Бөлшектік рет аралық сатылардан өтетін күрделі
реакцияларда кездеседі. Нөлінші рет затты әрекеттесу аймағына
әкелу жылдамдығы оны жұмсау жылдамдығынан көп
болатын әртекті реакцияларда кездеседі. Нөлінші ретті реакцияларда
жылдамдық – тұрақты шама.
Реакция
реті мен молекулалығы тек қарапайым бір сатыдан өтетін
реакцияларда өзара сәйкес келеді. Олардың өзара тең
болмауының екі себебі бар:
1) реакцияға қатысатын заттардың
біреуінің немесе бірнешеуінің концентрацияларының тұрақты
болуы. Мысалы, эфирдің сабындану реакциясында
1) С2Н5СООСН3 + Н2О → С2Н5ОН + СН3СООН
Су концентрациясытұрақты, сондықтан
реакция жылдамдығының өрнегін былай беруге болады:
υ = к.с эфир
. с су =
к.с эфир
Реакция биомолекулалы, бірақ бірінші
ретті.
2) реакцияның сатылы сипаты. Мысалы, азот
оксидінің үшмолекулалы хлорлау реакциясы 2NO + CI2 → 2NOCI екі
сатыдан тұрады: а) NO + CI2 → NOCI2
б) NOCI2 + NO
→ 2NOCI Екінші саты баяу өтеді, сондықтан
ол шектеуші саты.
Реакцияның жалпы жылдамдығы мына теңдікпен
анықталады:
υ = к.с NOCI2 . с NO
Реакция үшмолекулалы, бірақ екінші ретті.
Сонымен, егер күрделі реакцияның қарапайым сатыларының
жылдамдықтары әртүрлі болса, онда жалпы реакцияның жылдамдығы және оның реті ең
баяу жүретін сатының жылдамдығымен анықталады.
3.1.
Реакцияның ретін анықтау
Реакция
жылдамдығының әрекеттесуші зат концентрациясына қандай
дәрежеде тәуелді екендігін көрсететін шама реакцияның реті деп
аталады.
Мысалы,
υ = k Cn теңдігіндегі п – реакцияның
реті. Реакция жылдамдығына температура және катализатор әсері
алдағы тақырыптарда қарастырылады.
Сонымен
қатар, реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың күйі,
еріткіштің табиғаты, ортаның
сутектік көрсеткіші, араластыру, жарық түсіру және
инициатор үлкен ықпал етеді. Әрекеттесуші заттар қоспасында,
химиялық реакцияның басталуына себепкер қосымша кіргізілетін
зат инициатор деп аталады да, көбіне оңай радикалдар түзетін
бөлшек болып келеді.
Мысалы,
сутегі жэне хлор қоспасы арасындағы реакция қараңғы
жерде өте баяу жүреді. Егер бұл қоспаға жарық
түсірсе немесе натрий буын қосса радикалдар түзіліп, реакция үлкен
жылдамдықпен өтеді.
Енді
реакция дәрежелігін анықтау тәсілдерімен танысалық.
I. Оқшаулау немесе Оствальдтың концентрацияны тұрақтандырү
тәсілі.
Егер,
А және В заттары өзара әрекеттесіп химиялық өзгеріске
ұшыраса, стехиометриялық теңдеуі төмендегідей түрде
жазылады:
![]()
Келтірілген
өзгерістің кинетикалық теңдеуінде стехиометриялық
коэффициенттер реакция дәрежелігімен алмастырылады, яғни:
![]()
![]()
Мұндағы
А және В заттары бойынша дербес
реті деп аталады.
Осы
өзгеріс үшін кинетиканың негізгі постулатын ескере отырып,
жылдамдық шамасын төмендегідей түрде өрнектейміз:
![]()
Енді
А және В заттарын кезек-кезек, реакция барысында концентрациясы аз алынған
зат бойынша жылдамдық шамасын анықтаймыз. Мысалы, В заты өте
көп артық мөлшерде алынса, реакция жылдамдығын A -
затының өзгерісі бойьнша анықталады, яғни:
![]()
Мұндағы
![]()
![]()
Дәл осылай В
заты үшін:
Мұндағы
Жоғарыда
келтірілген тәсілмен А және В заттары бойынша реакция жылдамдығының
бірнеше мәнін анықтап, осы заттар бойынша реакцияның дербес
ретін табады. Ол үшін, әр түрлі СА және Св
дәл мәніне сәйкес (υ) және (υ) деп
1 -суреттегідей логарифмдік тәуелділік тұрғызылады, яғни:

1-
суреттен анықталған бұрыштық коэффициенттер реакцияның
дербес реттерін пА және пв -ны көрсетеді.
Ал реакцияның жалпы реті п,
осы табылған пл және
пв шамаларының қосындысына тең, яғни:

Кейде В затының концентрациясын тұрақты
етіп, СА-ның әртүрлі екі мәні үшін V1
және V2 шамасын табады. Ал бұдан:
Алынған теңдеулер жүйесін,

өзара пА - үшін төмендегідей түрде шешеді:

![]()
Дәл осылай пв шамасын да анықтайды.
Реакция реті
II.
Бастапқы заттың реакцияға жұмсалуын бейнелейтін
кинетикалық қисық сызық бойынша реакция ретін анықтау
Щауль тәсілі.
Жалпы
жағдай үшін, реакцияға түсуші A - затының жұмсалу
жылдамдығы, төмендегідей өрнекпен сипатталатыны мәлім:
![]()
Мұндағы
Енді,
өлшемсіз айнымалылар шамасы кіргізіледі:

Бұл жағдайда,
А затының жұмсалу жылдамдығы мына түрге енеді:


Мұндағы
х - шамасының τ - ға тәуелділігі (9.2 - кестеде)
келтірілген. Осы арқылы реакцияның ретін анықтайды.
Реакция
ретін графиктік тәсілімен анықтау үшін, тәжірибе жүзінде
х-шамасын СА/СА0 . қатынасын
анықтап, оның lg τ- ға
тәуелділігін тұрғызады. Алынған қисық
бейнесін теориялық есептеулер нәтижесінде алынған х -
f (lg т) графигімен салыстыру арқылы, сәйкес келгендігіне қарай
реакцияның ретін анықтайды.

2- сурет
Өлшемсіз τ - шамасына реакция өніміне айналу көрсеткіші,
х- тің тәуелділігі. Мұндағы 0,1,2 және 3 реакция дәрежеліктері
![]()
шамасының
әртүрлі мәніне сәйкес келетін lg X шамасы

Ш.
Бастапқыы заттың 1/р - белігінін әрекеттесуге кеткен уақыты
бойынша реакция ретін анықтау немесе Оствальд -Нойес тәсілі.
Бастапқы
әрекеттесуші заттардың 1/р - бөлігінің реакция өніміне
айналуға кеткен уақыт мерзімімен, оның концентрациясы және
реті арасындағы байланыс төмендегідей теңдіктермен беріледі.
Егер,
п = 1 болса, онда ![]()
Ал,
п =1 болса, онда

Оствальд
- Нойес тәсілінде екі түрлі алынған бастапқы зат
концентрациялары Со және С0 үшін t1/p
және t1/p анықталады. Реакция реті, аталған
шамалар арасындағы байланыс төмендегідей теңдеумен беріледі:

Демек,

Онан
әрі


Егер,
әртүрлі уақыт мерзімінде СА - концентрациясының
бірнеше өзгерісін анықтау мүмкін болса, онда:

Бастапқы
заттың 1/р - бөлігінің реакция дәрежелігіне байланысты өнімге
айналу уақыты арасындағы мәліметтер 3 - кестеде келтірілген.
"п"-реті арасындағы
байланыс
IV. Вант-Гоффтын
дифференциалдық тәсілі.
Реакция
жылдамдығын диффренциалдық тәсіл арқылы анықтайтын
болғандықтан, реакция ретін табуды да дифференциалдық тәсіл
деп атайды.
Әрекеттесуші
зат концентрациясының уақыт бойынша
өзгерісін бейнелейтін кинетикалық қисық сызыққа
жанама жүргізу арқылы, әртүрлі уақытқа сәйкес
келетін жылдамдық анықталады.
Келтірілген
жолмен әр түрлі С - мәні үшін V - мәнін анықтап, реакция дәрежелігін lg V = lgK- nlg
C теңдеуінен, графиктік немесе алгебралық теңцеулер жүйесін
шешу арқылы табады.
Әрекеттесуші
заттың бастапқы концентрациясының екі түрлі мэніне сәйкес
жылдамдық мәнін анықтап, реакция ретін төмендегі теңдеуден
оңай анықтайды.

V. Реакция ретін анықтауда жылдамдық тұрақтысының
теңдеуін пайдалану.
Реакция
ретін реакцияның жылдамдық тұрақтысының теңдеуін
пайдаланып анықтау үшін, әрбір ретті сипаттайтын тұрақты
теңдеуіне уақыт бойынша өзгерген концентрация мәнін қойып
есептейді. Егер, есептеу барысында жылдамдық тұрақтысының
мәні өзгермесе, онда бұл теңдеу сол реакция ретіне сәйкес
келгендігін көрсетеді. Ал реакцияның жылдамдық тұрақтысының
мәні есептеу барысында тұрақты болмай өзгеріп отырса,
онда өзге ретке сәйкес келетін келесі жылдамдық тұрақтысының
теңдеуін алып есептеуді қайталайды. Осылай әр түрлі
кинетикалық теңдеулер және уақыт бойынша концентрация өзгерісі
мәліметтері арқылы реакция ретін анықтау «талғау» тәсілі
деп аталады.
4.
Кинетикалық теңдеулер
Реакцияларды әдетте кинетикалық теңдеулермен
сипаттайды, олардың көмегімен реакция басталғаннан кейінгі
кез-келген уақыттағы жылдамдық тұрақтысын анықтауға
және әрекеттесуші заттардың концентрациялары екі есеге
кемитін уақытты көрсететін жартылай өту уақытын t1/2 табуға болады.
Нөлінші
ретті реакциялар.
Нөлінші ретті реакциялардың кинетикалық
теңдеуі концентрацияның уақыт бойынша тәуелділігінің
түзу сызықты екенін көрсетеді
с = с0 – к0t
және жылдамдық тұрақтысын к0 = - tgα анықтауға
мүмкіндік береді. Нөлінші ретті реакциялардың кинетикалық
теңдеуі.:
к0 = 1 / t
(с0 –с)
(4)
мұнда, с0 – t =
0 уақытқа сәйкес реакцияға түсетін заттың мөлшері,
с- t уақытқа сәйкес
реакцияға түсетін заттың мөлшері, к0 өлшем бірлігі - моль / л.сек Реакцияның жартылай өту
уақыты t 1/2 = с0 / 2 к0 (5)
Нөлінші ретті реакциялардың жартылай өту уақыты
заттың бастапқы мөлшеріне тура тәуелді.
Бірінші ретті реакциялар. Бірінші ретті реакциялардың жылдамдығы
υ = - dc / dt = к1· с (6)
(6) теңдеудегі айнымалыларды бөліп, мынаған
келеміз
- dc / dt = к1·
dt оны интегралдаймыз:
-ℓnc = к1· t + const (7)
t = 0 уақытқа сәйкес (реакция әлі басталған
жоқ) с = с0 , ал
const = -ℓnc0 .
Сонда,
-ℓnc = к1· t - ℓnc0
ал бірінші ретті реакциялардың кинетикалық теңдеуі
к1 = 1 / t ℓn
(с0 / с) (8)
мұнда, к1 –
бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы; с0
–реакцияның басталу мезетіндегі заттың концентрациясы; с – реакция басталған соң t уақыт
өткеннен кейінгі заттың концентрациясы;
Жылдамдық тұрақтысының к1 өлшем
бірлігі жылдамдықтың өлшем
бірлігін
υ моль /
л.сек концентрацияның өлшем
бірлігіне с моль / л бөлу арқылы табады, сондықтан
жылдамдық тұрақтысының өлшемі сек -1 немесе мин -1 (уақыт -1).
к1 шамасының мәні
концентрацияны өрнектеу тәсіліне тәуелсіз. Егер ℓgс t-ға байланысты тәуелділік
сызбасын салсақ, онда -ℓnc =
к1· t - -ℓnc0
теңдеуіне сәйкес,
tgα = - к1 /2,303 (.1 сурет).
ℓgс![]()
![]()

![]()
T
2 сурет. Бірінші ретті реакцияның өту кезіндегі
концентрация логарифмінің уақытқа байланысты тәуелділігі
Бірінші ретті реакцияның жартылай өту уақыты, теңдеуге
сәйкес
t 1/2 = 1 / к1 ℓn (с0 / с0/2) = 1 / к1 ℓn 2 (9)
әкеттесуші заттардың бастапқы концентрациясына тәуелсіз.
Реакция басталған кезде қандай концентрация болса да, оның
жартысы бірдей уақыт ішінде әрекеттеседі.
Екінші ретті реакциялар.
Бұл кезде екі түрлі жағдай бар: 1) Егер реакцияға
түсетін затттардың бастапқы концентрациялары өзара тең
болса, яғни с1 = с2
(А + В = С түрдегі реакциялар үшін), онда екінші ретті
реакциялардың кинетикалық теңдеулері бұл кезде мынадай
түрге енеді:
к2 = 1 / t • (с0 –с) / с0 •с) (10)
2) Егер реакцияға түсетін затттардың бастапқы
концентрациялары әртүрлі
болса, яғни, с1
= с2 тең болмаса
к 2 = 1 / t (с01-С02) • ℓn (с02 с1) / (с01 •с2) (11)
к 2 өлшем бірлігі
- л/моль.сек
Екінші ретті реакцияның жартылай өту уақыты мына теңдеумен
анықталады:
t 1/2
= 1 / к2 с0 (12)
Екінші ретті реакцияның жартылай өту уақыты реакцияға
түсетін заттың бастапқы концентрациясына кері тәуелді.
Үшінші ретті реакциялар.
Кинетикалық теңдеуі мына теңдеумен беріледі:
к 3 = 1 / t • (с0
2-с2) / с0 2 • с2 (13)
Үшінші ретті реакцияның жартылай өту уақыты
мына теңдеумен анықталады:
t 1/2
= 3 /2 к3 с02 (14)
Үшінші ретті реакцияның жартылай өту уақыты
реакцияға түсетін заттың бастапқы концентрациясынвң
квадратына кері тәуелді.
№ 2 дәріс
Дәріс тақырыбы:
Биокинетика. Ферментер.
Ферменттік катализ
Дәріс
жоспары:
Ферменттер ( латынша fermentum – ашу, ашытқы),
барлық тірі жасушаларда болатын және биологиялық
катализаторлардың қызметін атқаратын ерекше ақуыздар. Барлық жасушадағы реакциялар ферменттік
катализатордың арқасында жүзеге асады. Жасушада жүретін
күрделі процестер, яғни тыныс алу мен қоректену ферменттердің
көмегімен іске асады. Өздерінің әсер етуіне қарағанда
ферменттер күрделі органикалық катализаторлар болып есептеледі.
Катализатор дегеніміз - химиялық реакция-ның соңғы өніміне
кірмейтін, бірақ бұл реакцияларды шапшаң-дандыратын заттар.
Олардың көмегімен
генетикалық хабар іске асырылады және тірі ағзалардағы
барлық заттар және энергия алмасуы жүреді. Ферменттер әсерінің
тиімділігі аралық фермент-субстратты комплекстердің түзілуі нәтижесінде
катализденетін реакцияның активтендіру энергиясының айтарлықтай
кемуімен анықталады. Субстраттардың қосылуы активті орталықтарда
өтеді, бір қызығы, олар тек белгілі бір субстраттармен ұқсас
келеді, осының нәтижесінде ферменттер өте жоғары таңдамалылық
қасиетке ие болады.
Қазіргі уақытта
биологиялық объектілерден 2000-нан астам ферменттер анықталған.
1897 жылы Бухнер таза жасушадан бірінші рет активті ферменттерді бөліп
алады. 1926 жылы американ биохимигі Д. Самнер таза күйінде алғаш
кристалды ферментті (уреаза) бөліп алды. Ферменттердің бірқатарындағы
аминқышқылдарының кезектесуі зерттелген және
полипептидтік тізбектердің үшөлшемді кеңістіктегі
орналасуы анықталған. Зертханалық жағдайда рибонуклеаза
ферментінің жасанды химиялық синтезі іске асырылды. Ферменттерді әртүрлі
заттарды алу және олардың сандық мөлшерлерін анықтау
үшін, гендік инженерия әдісімен нуклеин қышқылдарының
молекулаларын өзгерту үшін, бірқатар ауруларды анықтау
және емдеу мақсатында, жеңіл, тағам және
фармациялық өндірістердің кейбір технологиялық
процестерінде қолданады.
2. Ферменттердің құрылысы
Ферменттер құрылысы
бойынша біркомпонентті, қарапайым ақуыздар және
екікомпонентті, күрделі ақуыздар болуы мүмкін. Екінші жағдайда
фермент құрамына табиғаты ақуыздық емес қосымша
топша енеді. Әртүрлі уақыттарда екікомпонентті ферменттердегі
ақуыздық бөліктің және қосымша топтың
әртүрлі аталулары пайда болды. Олардың барлығы қазір
әдебиетте қолданылады, мысалы:
Фермент толығымен
Ақуыздық бөлік Қосымша топ
Симплекс Ферон (тасымалдағыш) Агон (белсенді топ)
Холофермент Апофермент
Кофермент
Ақуыздық бөліктен
ажырамайтын және онымен берік байланысқан қосымша топты
простетикалық топ деп атайды; мұнан бөлек апоферменттен оңай
бөлінетін және жеке бола алатын қосымша топты кофермент деп
атайды.
3. Ферменттерді жіктеу және кейбір топтардың
сипаттамалары
Ферменттерді ең алғаш рет екі топқа жіктеді: 1)
гидролазалар, яғни гидролиттік реакцияларды тездететіндер және 2)
десмолазалар, демек гидролиттік емес реакцияларды тездететіндер. Мұнан соң
ферменттерді реакцияға қатысатын субстраттардың саны бойынша
жіктеуге тырысты. Осыған сәйкес ферменттерді үш топқа бөліп,
жіктеді:
1. Бірмезгілде екі бағыттағы екі субстраттың өзгерістерін
қатализдейтін ферменттер: А+В)С+D.
2. Тура реакциядағы екі субстраттың және кері
реакциядағы бір субстраттың өзгерістерін қатализдейтін
ферменттер: А+В)С
3. Тура және кері реакциялардағы бір субстраттың
каталиттік өзгерісін қамтамасыз ететін ферменттер: А)В.
Осымен қатар ферменттерді
каталиттік әсерге ұшырайтын реакцияның түріне
байланысты жіктеу пайда болды. Гидролиз реакциясын тездететін ферменттермен
(гидролаза) қатар, атомдарды және атомдық топтарды
тасымалдайтын реакцияларға қатысатын ферменттер (феразалар), изомерлену
(изомеразалар), ыдырау (лиазалар), әртүрлі синтез (синтетаза)
реакциясына қатысатын ферменттер зерттелді. Ферменттерді жіктеудегі бұл
бағыт өте жемісті болды, себебі ферменттерді ойдан шығарылған,
формальды қасиеттеріне қарай емес, оларды тірі ағзаның
тіршілік етуінің негізінде жатқан маңызды биохимиялық
процестердің түріне байланысты ферменттердің әртүрлі
топтарын біріктірді.
Бұл ұстаным бойынша барлық
ферменттерді 6 топқа жіктейді.
1 кесте-Ферменттермен жұмыс жасайтын халықаралық комиссияның
ұсынысымен қолданған ферменттердің
классификациясы (фермент класының аты, ферментпен жұмыс жасайтын
комиссияның код номері, катализделетін реакцияның түрі) көрсетілген.
|
1. |
Оксидоредуктазалар |
|
1.1. |
1 -
СН - ОН тобына әсер етеді |
|
1.2. |
- С = 0 тобына әсер етеді |
|
1.3. |
- СН = СН - тобына әсер етеді |
|
1.4. |
1
- СН - NH2 тобына әсер етеді |
|
1.5. |
1
- СН - NH - тобына әсер етеді |
|
1.6. |
NADH, NADPH тобына әсер
етеді |
|
2 |
Трансферазалар (функционалды
топтарды тасу) |
|
2.1. |
Бір көмірсу қалдығын
тасымалдайды |
|
2.2. |
Альдегидті жэне кетонды топтарды
тасымалдайды |
|
2.3. |
Ацильді топтарды тасымалдайды |
|
2.4. |
Гликолизді топтарды тасымалдайды |
|
2.5. |
Фосфатты топтарды тасымалдайды |
|
2.6. |
Қүрамында күкірті
бар топтарды тасымалдайды |
|
3 |
Гидролазалар (гидролиз реакциялары) |
|
3.1. |
Күрделі эфирлі байланысқа
әсер етеді |
|
3.2. |
Гликолизді байланысқа әсер
етеді |
|
3.3. |
Пептидті байланысқа әсер
етеді |
|
3.4. |
Пептидті
байланыстардан айырмашылығы бар С - N байланысына әсер етеді |
|
3.5. |
Қышқылды ангидридті
байланысқа әсер етеді |
|
4 |
Лиазалар (екі байланыспен қосылу) |
|
4.1. |
1 1 -С =С- |
|
4.2. |
-с = о |
|
4.3 |
1 -C = N- |
|
5 |
Изомеразалар (изомеризациялар
реакциялары) |
|
5.1. |
Рацемаздар |
|
6 |
Лигазалар (АТР ыдырау нәтижесінде
түзілетін байланыс) |
|
6.1. |
С - О байланыстарды түзеді |
|
6.2. |
С - S байланыстарды түзеді |
|
6.3. |
С - N байланыстарды түзеді |
|
6.4. С - С байланыстарды түзеді |
|
()
Осы алты түріне тоқталып
кетейік.
3. Ферменттердің классификациясы
1.
Оксидоредуктазалар.
Тотықтырушы-тотықсыздандырушы
ферменттер, бұлар сутегі атомдарын немесе электрондарды қосып алу
немесе бөліп шығару арқылы субстраттың тотығу және
тотықсыздану процестерін катализдейді.
Оксидоредуктазалар
ферменттердің үлкен жігі болып табылады, олар оттегі бар кездегі
немесе ол жоқ кездегі биологиялық тотығуға қатысады.
Дегидрогеназаның
аэробты жэне анаэробты /оттегісіз/ түрі болады. Аэробты дегидрогеназалар
тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттер, олар сутегі атомдарын
немесе электрондарды субстраттан молекулалық оттегіге тасымалдайды. Олар
оксидазалар деп те аталады. Анаэробты дегидрогеназалар /оттегісіз/ сутегі
атомдарын және электрондарды оттегіге емес, басқа субстратқа
тасымалдайды.
Оксидоредуктазалар қүрамында
кофакторлар бар, оларға көбінесе мыналар жатады:
НАД+, НАДФ+, ФАД, ФМН жэне металл иондары. Оксидоредуктазаларға
200-ден астам ферменттер жатады, олардың ішінде алькогольдегидрогеназа,
лактатдегидрогеназа, цитохромоксидаза, каталаза, пероксидаза, т.с.с. бар.
Мысалға
малатдегидрогеназаның алма қышқылын /малат/ тотықтыру
реакциясын алып қарастырайық:
ООС-СНОН-СНг-СОО' ---------------------- ►
~ООС-СО-СНг^СОО+2НУ+2ё
2. Трансферазалар.
Бұлар биохимиялық
реакцияларда атомдар тобын жэне молекула қалдықтарын алмастырып
ауыстыратын ферменттер. Олар мынадай топтарды бір субстраттан екінші субстратқа
ауыстырып жеткізеді: метил-, карбоксил-, амин-, сульфо-, формил- , фосфат
және т.б. Трансферазалар өздері тасымалдайтын топтарға
байланысты метилтрансфераза, ацилтрансфераза, фосфаттрансфераза т.с.с. деп
аталады.
Мысалы.
Аспартатамаминотрансфераза ферменті амин топтарын амин қышқылынан -
кетоқышқылына тасымалдап жеткізеді, бүл кезде жаңа амин
қышқылы түзіледі:

10
Фосфаттрансфераза ферменттері
ішінде киназа деп аталатын ферменттің ерекше маңызы зор. Киназа
фосфат топтарын тасымалдап, АТФ-тан басқа субстраттарға – көмірсуларға,
ақуыздарға, т.с.с. апарады.
3. Гидролазалар.
Бүл ферменттер химиялық
байланыстарды үзеді де, суды қосады. Гидролазалар мынадай топтарға
бөлінеді:
а) Эстеразалар: күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де, қышқыл
және спирт түзеді:
СНзСОО - СН2- СН3
+ Н20_________ ►СНзСООН
+ СН3СН2ОН
б) Липазалар: триглицеридтерді ыдыратып,
глицерин және май қышқылдарын түзеді;
в) Гликозидазалар: көмірсулардағы гликозидтік байланыстар-ды гидролиздейді. Оларға
амилаза, лактаза, мальтаза, целлобиаза, т.б. жата-ды;
г) Протеиназалар:
ақуыздардағы,
полипептидтердегі пептидтік
байланыстарды
гидролиздейді.
4. Лиазалар.
Бұл ферменттер
субстратты гидролиздік емес жолмен ыдырауын катализдейді
жэне бұл кезде субстрат молекуласында қос байланыс түзіледі. Мұндай
катализ кезінде С02, Н20, NH3 сияқты заттар бөлініп шығады және
байланыстар
С-С, C-N, С-О, C-S бойынша түзіледі.
Субстрат молекуласындағы қос байланыс бойынша
химиялық топтардың қосылуын да катализдей алады.
Лиазалардың өкілі
пируватдекарбоксилаза болып табылады, ол пирожүзім қышқылының
декарбоксилденуін жэне сірке альдегидінің және С02 түзілуін
катализдейді:
О
СН3 - СО – СООН → СН3 - С + С02
H
5. Изомеразалар.
Бұл ферменттер
изомерлер түзу арқылы заттардың молекула ішіндік өзгерістерін
катализдейді. Олар сутегі атомдарының, фосфаттардың және
ацилдік топтардың молекула ішінде алмасуын катализдейді, цис-изомеризация
жэне транс-изомеризация құбылыстарын тудырады, қос байланыстарды ауыстырады,
т.с.с. Мысалы, триозофосфатизомераза 3-фосфоглицерин альдегиді молекуласындағы
сутегі атомын көміртегінің екінші атомынан бірінші атомына
ауыстырады жэне фосфодиоксиацетонға айналдырып, изомерлейді:

6.
Лигазалар /синтетазалар/.
Бұл ферменттер С-С,
С-0, C-N, C-S сияқты байланыстар орнату арқылы түзілетін
органикалық қосылыстар синтезін катализдейді. Мұндай
байланыстар үшін АТФ жэне басқа да макроэргикалық қосылыстардың
ыдырауынан шығатын энергия пайдаланылады.
Сірке қышқылы мен
А коферментінен А ацетилкоферментінің түзілуін
ацетилкоферментсинтетаза катализдейді:

4.Ферменттердің
аталуы
Ферменттердің қазіргі
кезде қолданылып жүрген атауларын халықаралық
биохимиялық одақтың Комиссиясы 1961 жылы бекіткен болатын.
Фермент атаулары екі түрлі:
жүйелік /рационалды/ атау және тривиалдық /көне/ атау.
Ферменттердің
жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірақ ол реакцияға
кірісетін
субстрат жөнінде және фермент катализдейтін химиялық реакция
жөнінде толық мәлімет береді. Бұл атаулар әдетте ғылыми
әдебиеттерде қолданылады. Жүйелік атау бойынша әр
ферменттің нөмірі /шифрі/ болады, ол төрт саннан тұрады және
бұл сандардың арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан
ферменттің класын білдіреді, екінші сан клас тармағын, үшінші
сан клас тармағы бөлігін, төртінші сан өз қатарындағы
нөмірін көрсетеді.
Ферменттердің тривиальдық атаулары қысқа
да қолдануға ыңғайлы. Мысалы, бір ферменттің жүйелік
атауы АТФ глюкоза-6-фосфотрансфераза. Ал осы ферменттің тривиальдық
атауы глюкокиназа /гексокиназа/.
Біз ферменттердің
тривиальдық атауын қолданамыз. Тривиальдық атаулар негізінен
екі жолмен пайда болады:
1.
Фермент әсер ететін субстрат атауына-аза жұрнағы қосылады.
Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глюкозаның екі молекуласына айналдыратын
фермент мальтаза деп аталады;
2. Фермент катализдейтін реакция
атауына-оза жұрнағы қосылады. Мысалы, субстратты ыдыратып, су
қосып алуды катализдейтін фермент гидролоза деп аталады, субстраттың
сутексізденуін жүргізетін фермент дегидрогенеза деп, химиялық
топтарды тасымалдайтын ферментті трансфераза деп аталады.
Кейбір ферменттердің
тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин,
эластаза т. б.
Өздері катализдейтін
реакциялар түріне байланысты, жоғарыда айтқандай, ферменттер
6 жікке бөлінеді.
1. Оксидоредуктазалар.
2.
Трансферазалар.
3.
Гидролазалар.
4.
Лиазалар.
5.
Изомеразалар.
6.
Лигазалар /синтетазалар/.
5. Ферменттердің қасиеттері
Ақуыздарға жатқандықтан
ферменттер олардың қасиеттеріне түгелімен ие болады. Сонымен
бірге биокатализаторлар олардың ақуыздық табиғатынан шығатын
бірқатар ерекше қасиеттермен де сипатталады. Бұл қасиеттер
ферменттерді кәдімгі катализаторлардан бөлектейді. Мұнда
жататындар ферменттердің
термолабильділігі, ферменттер әсерінің
ортаның рН мәніне тәуелділігі, таңдамалылық,және
активаторлар мен ингибиторлар әсеріне
ұшырау қасиеті.
Ферменттердің
термолабильділігі былай түсіндіріледі: температура бір жағынан ферменттің
ақуыздық бөлігіне әсер етіп, өте жоғары мәндерінде
ақуыздың денатурациясын туғызады және оның
каталиттік белсенділігін кемітеді, ал екінші жағынан, фермент-субстратты
комплекстің түзілу реакциясының жылдамдығына және
субстраттың мұнан кейінгі түрлену сатыларына ықпал
жасап, катализдің күшеюіне әкеледі.
Тірі ағзада
фермент белсенділігіне температура әсері әдетте 30-40°С аралығында
айқын байқалады, бұл температура деңгейінен төмен
немесе жоғары кезде фермент
активтілігі бәсеңдейді.
Орта
температурасының артуы молекулалар қозғалысын тездететіні белгілі және бұл
химиялық реакцияның жылдамдығының артуына әкеліп
соғады. Ванг-Гофф ережесіне сәйкес, температураны әр 10°С
шамасына жоғарылату реакция жылдамдығын 2-4 есе арттырады.
Ферменттердің өзі ақуыз болғандықтан, олар өте
жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен
айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан Ванг-Гофф ережесін ферменттік
реакциялар үшін белгілі деңгейде ғана қолдануға
болады.
Температура 50°С шамасынан
артқан кезде ферменттер активтілігінің төмендеуі байқалады,
бірақ бұл жағдай жылу әсерінің ұзақтығына
және фермент табиғатына байланысты болады. мысалы, аденилатциклаза қысқа
уақыт 100°С дейін қыздырған кезде белсенділігін жоғалтпайды.
Орта температурасы төмендеген кезде кейбір жануарлардың қыстық
ұйқыға кететіні белгілі. Мүндай ұзақ үйқы
кезінде жануарлардағы ферменттік реакциялардың жылдамдығы төмендейді
де, қоректік заттар аз шығын болады және жасушалардың
белсенділігі кемиді.
Төменгі температурада,
мысалы, 0°С және онан төменгі температураларда ферменттік
реакциялардың жылдамдығы өте аз болады. Бұл жағдай
практика жүзінде азық-түлік өнімдерін сақтау үшін
пайдаланылады. Мұндай /ет, май, балық, көкөністер,
т.с.с/ төменгі температурада олар бұзылмай, жақсы сақталады.
Қысты күні
температура 0°С -тан төмен кезде ферменттер әсері түгелімен
тоқтамайды, бірақ олардың әрекеті жедел кеміп кетеді. Көктемде,
күн жылына бастасымен ферменттік реакциялардың жылдамдығы
арта бастайды, өсімдіктер біртіндеп жасыл-желекке оранады.
Фермент белсенділігінің ортаның рН
мәніне тәуелділігі. Әр фермент үшін ол ең жоғары
белсенділік танытатын ортаның оңтайлы рН мәні болады. Көптеген
ферменттер бейтарап нүктеге жақын рН аймағында ең жоғары
белсенділік байқатады. Күрт қышқыл немесе күрт сілті ортада тек кейбір ферменттер
ғана жақсы жұмыс жасайды.
Таңдамалылық – ферменттердің ең ғажайып қасиеттерінің
бірі. Бұл қасиет 19 ғасырда құрылымы өте жақын
заттар (кеңістіктік метилглюкозидтер) эфирлік байланыстары бойынша мүлдем
әртүрлі ферменттермен ыдырайтыны анықталған соң
белгілі болды.
Демек, ферменттер құрылыстары
өте жақын заттарды, мысалы, метилглюкозидтің 1-ші көміртек
атомындағы метоксил радикалы мен сутек атомының кеңістіктік
орналасуын, тани алады. Биохимиялық әдебиеттегі жиі қолданылатын
бейнелей салыстырумен айтқанда, фермент субстратқа, кілт құлыпқа
енгендей жақындайды. Бұл атақты ережені 1894 ж. Э.Фишер
ферменттің таңдамалылығы субстрат пен ферменттің
белсенді орталығының геометриялық құрылысының
сәйкестілігімен алдын-ала анықталады деп тұжырымдады.
ХХ-ғасырдың 50-ші жылдарында бұл
статикалық көзқарас Д.Кошландтың субстрат пен ферменттің
индукцияланған сәйкестігі туралы болжамымен ауыстырылды. Оның
мәні мынада: субстрат пен ферменттің белсенді орталығының
кеңістіктік сәйкестігі олардың өзара әрекеттесу сәтінде
туындайды, мұны «қолғап- қол» ережесімен бейнелеуге
болады. Бұл кезде субстратта кейбір валенттік байланыстар бұзылып,
ол мұнан арғы каталиттік түрленуге дайындалады, ал ферменттің
молекуласында конформациялық қайта құрылу жүреді.
Кошланд болжамы, ферменттің активті орталығының иілгіштігі
туралы ескертулерге сүйене отырып, ферментер әсерінің
жандануын және тежелуін,немесе әртүрлі факторлар әсерінен
ферменттер белсенділігінің реттелуін қанағаттандырарлық
түрде түсіндірді. Мысалы, ферменттің белсенділігінің өзгеруі
кезіндегі конформациялық қайта құрылуды Кошланд өрмекшінің
тоқыған жібіне жем (субстрат) түскендегі тербелулермен
салыстырды, әсіресе каталиттік акт процесі кезіндегі фермент құрылымының
өте өзгергіштігін атап өтті.
Қазіргі кезде Кошланд болжамын біртіндеп
топохимиялық сәйкестік болжамы ығыстырып жатыр. Субстрат пен
ферменттің өзара индукциялануы туралы негізгі қағиданы
ескере отырып, ол ферменттің таңдамалы әсерін оның, ең
алдымен, субстраттың катализ кезінде өзгермейтін бөлігін тани
алуымен түсіндіреді. Субстраттың осы бөлігі мен ферменттің
субстраттық орталығы арасында сан алуан нүктелік гидрофобты әсерлесулер
мен сутектік байланыстар түзіледі.
№ 3 дәріс
Дәріс тақырыбы:
Ферменттің реакциялардың жылдамдығына
әсер ететін факторлар
Семинар сұрақтары:
1.Ферменттің реакциялардың жылдамдығына субстрат концентрациясының
әсері.
Ферменттік реакциялар жылдамдығының
субстрат концентрациясына тәуелділігін зерттеу мынадай заңдылықтардың
бар екенін анықтады:
1. Субстраттың салыстырмалы төмен
концентрацияларында реакция субстрат бойынша бірінші рет көрсетеді (еске
түсірелік, реакция жылдамдығы мен субстрат S концентрациясы
арасында мынадай тәуелділік болатын, υ=κ.
Sn, мұнда
κ – жылдамдық тұрақтысы, ал n реакция реті).
2. Субстраттың концентрациясы артқан
сайын субстрат бойынша реті біртіндеп 1-ден 0-ге дейін кемиді.
3. Реакция
жылдамдығы реакциялық қоспадағы ферменттің жалпы
мөлшеріне тура тәуелді.
Тәжірибелік
мәліметтер негізінде 1902 ж. Анри ферменттік реакциялардың жылдамдығы
үшін мына теңдеуді ұсынды:
(1)
Теңдеуде жоғарыдағы айтылған
барлық үш заңдылық ескерілген. Көңіл
аударсақ, km-ге тең s мәнінде υ=υmax/2. мұнда s реакциялық қоспадағы бос
субстраттың концентрациясын белгілейді, ал ℓ0 – ферменттің бос және
байланысқан күйлердегі жалпы концентрациясын көрсетеді.
Анри
реакцияның болжамданған механизмі негізінде (1) теңдеуді
бергенімен, сонымен бірге 1913 ж. Михаэлис пен Ментен ол теңдеудің
дәлелдеуін жуық түрде көрсеткенімен, олар қазіргі
кезде дәл деп саналмайды. Дегенмен біз ферменттік реакциялардың күрделі
үлгілерін жасауда Михаэлис пен Ментен
теңдеуінің жалпы жорамалдарын көп рет және ойдағыдай
қолданатын боламыз.
Ферменттік реакциялардың жылдамдығы
және температура
Химиялық кинетиканың кез-келген мәселесін
зерттеуде реакция жылдамдығы тұрақтысының температураға
байланыстылығын өрнектейтін негізгі теориялық қағидалардың
бірі ретінде Аррениус теңдеуі саналады.
k = Ae-Ea/RT (2)
мұнда, Еа – реакцияның
активтендіру энергиясы, R – газ тұрақтысы, А – экспоненциал алдындағы
көбейткіш, Т – абсолют температура.
Сызбалы түрде бейнелегенде lnk
- 1/Т тәуелділігі түзу
сызықты болады, ал түзудің құлау бұрышының
тангенсі – Еа/R тең.
Аррениустік түрдегі реакция жылдамдығы
тұрақтысының температураға байланыстылығы
ферменттермен катализденетін көптеген реакциялар үшін де тән,
мысал ретінде 3-суретте келтірілген тәжірибелік мәліметтерді
берейік. Айта кеткен жөн, бірақ, 3-суретте келтірілген тәжірибелік
мәліметтер температураның өте аз аймағы үшін алынған.
Бұл тәжірибеде кәдімгі биологиялық шарттардың
шегінен шығатын температуралар қарастырылмаған.

3сурет. Реакция жылдамдығы тұрақтысының
температураның кері шамасына тәуелділгі.
Егер температураны онан әрі арттырып,
ферментті процестің жылдамдығын онан әрі тездетуге мәжбүрлейтін
болсақ, онда не байқайтын едік?
3 суретте көрсетілгендей, көптеген жағдайларда оның
нәтижесі біз күткендей болмас еді. Көптеген ақуыздардың
денатурациясы 45-тен 500С аралықта өтіп, 550С-та
тез аяқталады. Ақуыздардың жылулық бұзылуының
механизмін былай түсіндіруге болады: температура артқан сайын ақуыз
молекуласындағы атомдар жоғары (оның ішінде кинетикалық)
энергияға ие болады,
нәтижесінде ақуыздың глобула
тәріздес құрылымын тұрақтандыратын әлсіз
байланыстар үзіледі, бұл ақуыздың инактивациясына
(белсенділігінің жоғалуына) әкеліп соғады.
Ферменттің каталиттік белсенділігінің температураға тәуелділігі
кәдімгі қисықпен беріледі. Температураның белгілі бір
шамасына дейін (орташа 5О°С дейін) каталиттік белсенділік өседі, айта
кетсек, температура әр 10°С-қа артқанда субстрат
концентрациясының түрленуі 2 есе артады. Сонымен бірге, екінші жағынан
ақуыздық бөліктің бұзылуы себепті белсенділігін
жоғалтқан ферменттің мөлшері де көбейеді.
Субстраттың өзгеру реакциясының жылдамдығы өскенімен,
50°С-тан жоғары температурада ферменттік ақуыздың бұзылуы
(денатурациясы) күрт артады, сол себепті өзгерген субстраттың
мөлшерімен анықталатын ферменттің белсенділігі кемиді.
Температура артқан сайын ферменттер активтілігінің өсуіне
байланысты соңғы кезде жүргізілген тереңірек зерттеулер
бұл тәуелділіктің жоғарыдағыға қарағанда
күрделі сипатта екенін анықтады: көптеген жағдайда
негізінен фермент молекуласындағы үнемі үдейтін конформациялық
өзгерістерге байланысты
температура әр 10°С-қа артқан сайын ферменттің
белсенділігі еселеп артпайтыны белгілі болды.
Ферменттің активтілігі ең жоғары болатын температураны
температуралық оптимум деп
атайды. Әртүрлі ферменттер үшін температуралық оптимум әртүрлі. Табиғаты жануарлық
ферменттер үшін ол 40 - 50°С арасында, ал өсімдік сипатты
ферменттер үшін 50 - 60°С орналасады. Бірақ жоғары
температуралық оптимумы бар ферменттер де кездеседі. Мысалы, папаиннің
(ақуыз гидролизін тездететін өсімдік сипатты фермент) оптимумы 8О°С
болады.
Сонымен
бірге, каталаза ферментінің (Н2О2 -нің Н2О
және О2 ыдырауын қамтамасыз ететін фермент) ең
ыңғайлы температурасы 0 және -100С арасында орналасқан,
ал жоғарырақ температураларда ферменттің шапшаң тотығуы
және инактивациясы жүреді.
3. Фермент активтілігінің ортаның
рН тәуелділігі
Бұл
тәуелділік 50 жылдай бұрын анықталған. Әр фермент
үшін ол ең жоғары белсенділік танытатын ортаның ең
ыңғайлы рН мәні бар. Көптеген
ферменттер бейтарап нүктеге жақын рН аймағында ең жоғары
белсенділік байқатады. Күрт қышқыл немесе күрт сілті ортада тек кейбір ферменттер
ғана жақсы жұмыс жасайды.
Төменде кейбір ферменттер үшін оңтайлы рН шамасы
берілген.
Пепсин - 0,9-3,0
Липаза, қарын сөлінде
-6,0
Амилаза, қарын сөлінде
- 6,9- 7,0
Карбоксипептизада - 7,2
Аргиназа- 10,0
Карбоксипептизада - 7,2
Аргиназа- 10,0
Оңтайлы температурамен салыстырғанда
сутек иондары концентрациясының көп немесе аз бөлігіне ауысу
фермент активтілігінің бірқалыпты кемуіне әкеледі.
Сутек
иондарының концентрациясының ферменттердің каталиттік
активтілігіне әсері олардың белсенді орталығына әсер
етуімен түсіндіріледі.
Реакциялық ортаның әртүрлі
рН мәнінде активті орталық күшті немесе әлсіз иондануы
мүмкін, ферменттің ақуыздық бөлігінің көршілес
полипептидтік тізбектерімен күшті немесе әлсіз экрандалуы мүмкін
т.с.с. Мұнан басқа, ортаның рН субстраттың,
фермент-субстрат комплекстің және реакция өнімдерінің
иондану дәрежесіне әсер етеді, ферменттегі катиондық және
аниондық орталықтардың ара қатынасын анықтайды, бұл
ақуыздық молекуланың үшінші ретті құрылымына
ықпал жасайды, демек, ферменттің
күйіне
көп әсерін тигізеді. Соңғы себеп ерекше көңіл
аударуды қажет етеді, себебі ақуыз-ферменттің белгілі үшіншілік
құрылымы фермент-субстратты комплекстердің түзілуі үшін
қажет.
4. Фермент-субстратты комплекстер және ферменттің
әсер ету механизмі
Қазір ферментті катализатордың үлкен
ерекшелігі мен активтілігін түсіндіретін жалпы теория жоқ. Бірақ
аз ғана ферменттердің
арасында тәжірибемен дәлелденген болжамдар бар. Дегендей,
осы болжамдардағы қүбылыс жиынтығы ферменттердің
ерекше қабілеттерін шарттайды. Осы тарауда біз қысқаша ғана
осы болжамдардың бірнешеуін қарастырамыз. Біз қарастыратын болжамдар
фермент жұмысының механизмі туралы аз түсіндіретін болған
соң, біз ферменттік активтіліктің жалпы теориясын шығару үшін
осы көрсеткіштерді бірге қосып жатпаймыз.
Фермент-субстратты комплекстердің бар екені көптеген
тәжірибе-лермен дәлелденген. Субстрат активті орталық деп
аталатын ферменттің молекуласымен қосылады, сол жерде ферментпен
катализделетін реакция
өтеді жэне оның өнімі шығады. Субстраттың
ферментпен қосылуына және комплекстің
түзілуіне кейбір кезде әлсіз байланыстар көмектеседі, ал
сондай кездердің кейбірінде кавалентті байланыстар пайда болады.
3-суретте фермент-субстратты комплекс ферменттің аминқышқылдық
тізбегінің әр жағында орналасқан топтармен субстраттың
арасындағы сутектік байланыстар арқылы пайда болатыны анық көрсетілген.
Ақуыз молекуласы осылай қүрылған:
ферменттің аминқышқылды қалдығының жан - жағындағы
қатардағы реакция өткізе алатын топтардың ең
ерекше қасиеті олар кеңістікте субстраттың құрылысындай
құрылымдарды түзе алады. Ферменттің
активті орталығына Аsр, Gly, Вal, Ніs, Lis, Lei, Sег, Тiг қалдығының
жанындағы қатарлар және шеткі (ең соңғы)
аминді жэне карбоксилді топтар кіреді.
Субстраттың қасында 20-ға жуық
осындай топтар орналасқандықтан (фермент молекуласының аминқышқылды
қалдығының санынан үлкен кіші), ферменттің орталығының функционалдауында
оның бірнешеуі ғана қатысады деп санаймыз. Үлкен
ферменттерде бірнеше активті орталықтар болады. Активті орталықтарға енбейтін аминқышқылды қалдықтардың
көбісі полепептидті (екіншілік құрылым) қатардың қосылуының сипаттамасын және
қатардың бір жағына қарай екіншісінің кеңістік
орналастыруын (үштік структура) көрсетеді (3-сурет).
Қазіргі кезде активті орталықтар және
фермент-субстратты комплекс деген түсініктер қабылданған және
олар ферменттер жұмысының механизмін түсіндіретін көптеген
теориялардың негізінде жатыр.
Келешекте біз осындай ферменттік катализдің
кинетикасының математикалық талдауының түсініктерін қолданамыз.
3-суретте схемамен ферменттік активтіліктің екі
түрлі түсіндірілуі бар.
Фермент екі субстраттың молекулаларын осылай қосады: ең
соңғы молекулалардың реакция жасай алатын топтары бір-бірінің
және ферменттің каталитикалық топтарының қасында
орналасады. Бұл химиялық реакцияның жылдамдығын көбейтеді,
осындай эффект жақындасу эффектісі деп аталады. Екі субстраттың
молекулаларында сферикалық симметрия жоқ деп санайық. Мұндай кезде
реакция тек қана молекула жақындауы реакция жасай алатын атомдар немесе топтардың қарым-қатынасын
жасайтын жерлерде орналасып өтеді. Ферменттер субстрат ферменттерін осылай байланыс-тырады деп санайды: ең соңғы
ферменттер реакцияның жылдамдылығын көбейтетін бағдарлану эффектісін жасап, өте жақсы жерде орналасады.
Осы орбитальды меңгеру деп аталатын құбылыс ферменттік
катализ процесіне өз септігін тигізеді, бірақ осы эффекттінің
сандық өлшемін жалпы түрде табу қиын.
Ферменттік катализдің
механизмін қарастырғанда тағы
да бір болжамды, ферменттің геометриясын ескеретін болжамды еске алу
керек.

а 6
4 сурет. Фермент екі субстраттың кеңістіктегі жақындаудың
есебінен реакцияны және
олардың ыңғайлы бұрыштарға орналасуын тездетуі
Субстраттың
байланысуы кейбір ферменттердің кеңістік құрылымының
өзгеруімен қоса өтеді.
Үш өлшемді құрылысты лизосома
ферменті мен субстратты және субстратсыз комлекс түріндегі
карбоксипептидазаны зерттеу барысында көрсетілгендей, субстратпен қосылғанда
фермент конформациясы өзгереді. Фермент пен субстраттың мұндай
индуцирленген байланысы ферменттік катализ процесіне өз үлесін қосуы
мүмкін. Сондай-ақ индуцирленген байланыс үлгісінің күрделендірілген нұсқалары да ұсынылды, оларда процесс барысында тиісінше бірнеше
аралық фермент - субстратты комплекстер түзіледі. Фермент
молекуласының кейбір жылтырлығы мен созылғыштығы оның
катализдік топтарының толық кеңістіктік айналуына мүмкіндік
жасай отырып, әр аралық байланыстардың өзгеру жылдамдығы-ның
артуына да септігін тигізеді. Субстратпен индуцирлеу ферменттік катализге тән
қасиет бойынша активті орталық конформациясының өзгеруі мүмкін,
дегенмен бұл құбылысты
тәжірибе түрінде анықтау
бірқатар қиын-дықтар тудырады, сондықтан ол тек бірнеше
фермент болған жағдайда ғана іске асырылады.
Кейбір ферменттер органикалық
химия саласындағы мамандарға кеңінен танымал реакцияларды
іске асырады. Осындай реакциялардың бірі бірі жалпы қышқылдық
- негіздік катализ болып табылады, онда катализатор процесс сатыларының
бірінде протонды береді немесе қосып алады. Катализдің бұл түрі
көптеген ферменттердің бірінің әрекеттесу механизмінің
негізінде жатыр, олар үшін катализдік процестің қарапайым
сатыларының тізбектері туралы толық дәлелдер келтірілген. Асқазан
безінен бөлініп алынған химотрипсин -тирозин, триптофан жэне фенилаланин қалдықтарынан
құралған, карбоксилді топтардан
түзілген, пептидтік байланыстарды таңдамалы түрде ыдырататын,
протеолиттік (яғни ақуызды гидролиздеуші) фермент болып табылады.
Химотрипсинмен катализденетін реакцияда протондарды ыдырату мен байланыстырудағы
тасымалдаушылардың ролін су атқарады деп есептелінеді. Шындығында,
жалпы қышқылдық - негіздік катализге жасушаларда өтетін,
бірқатар өте маңызды химиядлық реакцияларды келтіруге
болады, мысалы, карбонильді байланыстарға келіп қосылу процесін
жэне күрделі эфирлердің гидролизін
атап өтуге болады.


5 сурет Пептидті
байланыстарды ыдырату кезіндегі ұсынылған реакция тізбегі.
А. - Ніs 57 азоттың имидазольді атомы
мен Sег 195 гидроксильді топтың сутектік байланысы.
Б. - Протон Sег 195-тен Ніs
57 азоттың имидазольді атомына өте тез тітіркенеді. Имидозольды сақина
мен субстраттың арасында уақытша сутектік байланыс түзіледі,
осылайша дипептидті бағыттап, соның нтижесінде карбонильді көміртегі
субстрат атомына нуклеофильді оттегі атомы атқылап
шабуыл жасауы мүмкін.
В. - Аминоацильді топ
дипептидтен ажырап, ферментке ауысады; бір мезгілде бос С - соңғы
субстрат аминқышқылы түзіледі.
Г. - Н20-ның әсерінен
аминоацильді топ Sег 195-тен ажырайды, нәтижесінде бос фермент қайта
қалпына келеді.
Ферменттік катализде
басқа да факторлар маңызды роль атқаруы мүмкін,
мысалы коваленттік катализ, байланыстардың деформациясы, электростатикалық
катализ, көпфункционалды катализ жэне еріткіштің әсері. Бұл
құбылыстар, қарастырылып өткен факторлардың әсері
тәрізді, кейбір ферменттермен катализденетін реакцияларға әсер
етуі мүмкін. Жалпы жағдайда ферментттік катализ реакциялары көптеген
құбылыстардан тұратындықтан, олардың қосынды
әсері мен әрқайсысының салыстырмалы маңыздылығын
анықтауға мүмкіндік беретін қарапайым жалпы сызба нүсқаны
қарастыра алмау таң қаларлық жәйт емес. Негізгі
аралық байланыс ретінде фермент-субстратты комплекс туралы негізгі қағидаға сүйене отырып,
ферменттермен
катализденетін реакцияның
жылдамдығын математикалық теңдікпен анықтауға
болатындығы қуантатын бірден-бір жәйт болып саналады.
№ 4 дәріс
Дәріс тақырыбы:
Михаэлис-Ментен
теңдеуі және оның
параметрлерін анықтау.
Дәріс жоспары:
Біз Михаэлис-Ментен болжамының негізгі қағидаларын
қарастырайық.
Негізгі қағидалардың бірінде фермент
Е пен субстрат S, реакцияға түсіп, ES комплексін береді, ол мұнан
соң реакция өніміне Р және
бос (байланбаған) Е ферментіне ыдырайды:

Бұл механизмде жоғарыда қарастырылған
фермент-субстратты комплекстердің түзілуі және сонымен бірге
реакциялар тізбегі аяқталған соң катализатордың бастапқы
қалпына қайта келуі де ескерілген.
Михаэлис пен Ментен реакцияны қайтымды деп
есептеді, демек, әсерлесуші массалар заңы бойынша былай жаза
аламыз:
Мұнда s, ℓ және (ℓs) сәйкес
S, E и ES концентрацияларын көрсетеді. Мұнан басқа,
комплекстің реакция өнімі мен бос ферментке ыдырау процесі қайтымсыз
деп саналады:

Ферменттің барлығы не бос күйде не
байланған түрде болғандықтан, онда
![]()
мұнда ℓ0 – берілген алғашқы
мәндерге сәйкес жүйедегі ферменттің жалпы
концентрациясы, ол реакторға енгізілген ферменттің мөлшеріне
тең.
Енді келесі үш теңдеуден (ℓs) және
ℓ мәндерін шығарып
υmax=k2ℓ0 тең 3-теңдеуді алуға
болады, егер жылдамдық 3-теңдеумен сипатталса, онда реакция Михаэлис – Ментен теңдеуімен
сипатталады деп айтады, бірақ
ол теңдеудің дұрыстығын бірқатар зерттеушілер дәлелдеген. υmax параметрі
максималды немесе
шекті жылдамдық деп аталады, ал
Km тұрақтысы Михаэлис константасы деген атпен
белгілі. Михаэлис – Ментен теңдеуі көптеген ферменттермен катализденетін
реакциялардың кинетикасын табысты сипаттайды, бірақ дегенмен ол әмбебап
теңдеу емес.
Сонымен біз Михаэлис – Ментен теңдеуін алдық,
онда

Ескере кеткен жөн, мұнда Km физикалық
мәні бойынша диссоциация тұрақтысын бермейді.
Михаэлис-Ментен теңдеуіне ұқсас
берілген реакция жылдамдығының өрнегінен біз интегралдау арқылы
реагенттер концентрацияларының уақыт бойынша өзгеруін анықтай
аламыз

Осы жолмен біз мынаған келеміз

Практикада бұл теңдеуді субстраттың
белгілі бір концентрациясына жету үшін қажетті t уақытты
есептеу үшін қолданамыз.
Өзінің бастапқы түрінде
Михаэлис – Ментен теңдеуі υmax және Km кинетикалық
параметрлерін анықтау үшін қолайсыз болды. υ- тың s –ке тәуелділігіне байланысты υmax
дәл мәнін анықтау өте қиын. Бұл теңдеуді
күрделі емес кейбір өзгертулерден соң төменде
келтірілген нәтижелерді қолайлы анықтаудың сызбалық
түрдегі және параметрлерді сызбалы анықтаудың жолы оңай.

Келтірілген теңдеулердің әрқайсысы
бір шаманың екіншісіне түзу сызықты тәуелділігін көрсетеді.
Сонымен бірге осындай тәуелділіктер арқылы кинетикалық
параметрлерді анықтағанда
оларға тән кейбір ерекшеліктер мен кемшіліктерді ескерген жөн. 1/υ -ның 1/s тәуелділігін көрсететін
теңдеуде ( Лайнуивер – Бэрк сызбасы деген атпен белгілі) тәуелді және
айнымалы шамалар айқын бөлінген.
υmax жақын реакция жылдамдықтарының
дәл анықталған мәндері бастапқы нүктенің
маңына жиналады, ал дәлірек анықталған мәндері
онан алшақ жатыр және сол арқылы Km/ υmax түзінің құлауына
ең көп әсер етеді, сондықтан бұл жағдайларда
ең аз квадраттар әдісін қолдануға болмайды.
Екінші теңдеу υ үлкен мәндерінің
біркелкі таралуын қамтамасыз етеді және сол себепті 1/ υmax түзуінің құлауын
дәл анықтауға мүмкіндік береді, бірақ координата
осіндегі түзудің қиятын қиындысы өте аз болғандықтан, бұл әдіспен Km дәл
анықтау мүмкіндігі жоқ.
Үшінші әдісте Эдди – Ховети графигі деп
аталатын сызба қолданылады, ол υ-ның υ/s
тәуелділік сызбасын береді, мұнда ең дәл анықталмайтын
υ айнымалысы функцияның және сонымен бірге аргументтің құрамдас
бөлігі болып саналады.
Жоғарыда айтылған ойлар υmax
және Km анықтаудың
мына жолын береді; алдымен теңдеудің сызбасы бойынша υmax
анықтайды (1/υ осіндегі түзу қиып өтетін
кесіндінің дәл шамасын табады) немесе 3-теңдеу бойынша түзудің
құлау бұрышын табады. Мұнан соң υ -ның s-ке тәуелділігінен s1/2
анықтайды, яғни υ = υmax/2тең
болатын субстрат концентрациясын табады. Km шамасы және өлшем
бірлігі бойынша s1/2 тең.
№ 5 дәріс
Дәріс тақырыбы:
Ферменттік реакциялардың
кинетикасы
Дәріс жоспары:
1. Бір және
екі субстратты қарапайым ферментативті реакцияның кинетикасы
Ферментпен катализденетін
реакция жылдамдығын суреттейтін бұл бөлімде біз математикалық
есептеулер енгізуге тырысамыз. Мұндай есептеулер дұрыстығының
басты өлшеміне есептеулер мен тәжірибе түрінде табылған
жылдамдықтың сәйкестігі жатады. Мүмкін болатын
кедергілердің алдын алу үшін, біріншіден реакция жылдамдығын
анықтайтын кейбір тәжірибелік әдістерді жалпылама түрде
сипаттауымыз керек.
Алдымен реакция жылдамдығы
дегеніміз не екенін анықтап алайық. Мына реакцияны қарастырайық:
S
-------- ►
Р
Бұл
реакцияның жылдамдығын квазистационарлы тепе-теңдік жағдайы
жақындағанда
былай анықтаймыз:
![]()
Мұнда S жэне Р
символдарымен тиісті өнім реакциясы - Р жэне өндірілген заттың
S - молярлы концентрациясы белгіленген. Осыдан V –берілген көлемдегі
бірлік уақыттағы заттың моль санын білдіреді. Реакцияның
жылдамдығы, реакциялық сұйықтықтың әр
нүктесінде белгілі бір мағынаны білдіретін интенсивті шама болып
табылады. Осы себепті, егер концентрация немесе
интенсивті өзгерістер нүктеден нүктеге өзгерсе, онда бұл
нүктедегі реакция
жылдамдығы әртүрлі болады. Кинетиканы тәжірибе жүзінде
зерттегенде жиі араластырғыш эффектісі бар реакторлар қолданылады,
онда реакциялық сұйықтықтың барлық көлемінде
реакция жылдамдығының бірдей болуын қадағалайды.
Кез - келген басқа
технологиялық процестердегідей модельдеу кезінде "нүкте"
сөзі реакция жылдамдығын анықтағанда тура геометриялық
мағынада қолданылмайды. Керісінше, реакциялық сұйықтықтың
барлық көлемімен салыстырғанда өте аз болатын, құрамында
көптеген молекула кіретін кейбір көлемдер нүкте деп аталады.
Бұл гипотетикалық модельден нақты биологиялық жүйеге
өтуді түсіндіретін нақты анықтама еместігін естен шығармайық.
Мысалға, жеке бөлініп алынған жасушада молекулалық
процестерді модельдеу кезінде Аі молекуласының аз ғана мөлшері
болған жағдайда.
Ферменттік реакция
кинетикасын зерттеудің типтік тәжірибесі әдетте келесідей түрде
жүргізіледі (ферментпен катализденетін реакция). Уақыттың
кез-келген мезетінде субстрат ерітіндісімен тиісті тазартылған ферментті
жақсылап араластыратын, температураны бір қалыпта ұстап тұратын және рН-тың мөлшері
белгілі деңгейде ұстап тұратын буферлік
ерітіндісі бар жабық ыдыста араластырады. Осыдан соң белгілі
бір уақыт аралығында субстрат концентрациясын немесе реакция өнімін
анықтайды. Бүл үшін әртүрлі әдістер қолданылады,
соның ішінде спектрофотометрлік, манометрлік, электродтық,
поляриметриялық, сондай-ақ үлгі алу (проба) әдісі де қолданылады.
Әдетте тек реакцияның бастапқы жылдамдығының
берілген мәндерін ғана қолданады. Өйткені реакция жағдайы,
соның ішінде субстрат пен фермент концентрациясы, дәлірек айтқанда,
уақытқа байланысты реакция өнімі мен субстрат
концентрациясының өзгерісін бейнелейтін бастапқы иіліс қисығы,
яғни реакция басталған уақытқа дейінгі барлық
белгілі мәндер келесі теңдікпен анықталады:

Мұнда 1=10,
S=S0 және
Р=0.
6-суретте осы түрде
есептелген тәжірибелердің біреуінен алынған мәндер
берілген. Мынаған көңіл аударайық, t=0 кезінде сұйықтағы
бірнеше реакция өнімінің санын көруге болады;
осыдан барып нольдік уақыттың шын мәнінде реакцияның бастапқы
уақыты еместігі анықталады. Реакция жылдамдығының
бастапқы уақытын анықтау әдістерінің ең қиындығы
осы болып табылады. Дегенмен де реакцияның бастапқы жылдамдығын
анықтау әдісі фермент активтілігін және реакцияның
бастапқы мезетіндегі заттардың концентрациясын айтарлықтай өнімділікпен
анықтайды, осы себепті мұны тәжірибелік жұмыстарда кеңінен қолданады.

6 сурет-Периодтық іс-әрекеттегі
реакторда (60 С, 10=11 600 бірлік,
реактордың
сыйымдылығы - 1л) 30% -дық
глюкоамилаза арқылы крахмал
ерітіндісінің
гидролизінің жылдамдығын тәжірибеде анықтау.
Ферменттік активтіліктің
өнімділігінің нәтижесін анықтау мәселесі бойынша
көптеген көзқарастар бар, соның ішінде, қоршаған
ортадан алшақтатылған ферменттердің әсерінен өтетін
процестер жүретін реактордың қүрылысы жөніндегі көзқарас
та өте маңызды. Ақуыз өзі тіршілік еткен ортасынан өзгеше
биологиялық ортаға түскенде денатурацияға ұшырайтынын
білеміз; осы себепті, қоршаған ортадан алшақтатылған
фермент өзіне таныс емес "ерекше" сулы ортаға түскенде
біртіндеп өзінің катализдік активтілігін жоғалтатындығы
таң қалдырмайды (6-сурет). Мұндай инактивация көптеген
ферменттерге тән қасиет екендігі белгілі; сондай-ақ
ферменттік катализдің кинетикасын көптеген басқаруларда ең
жақсы жағдайдың өзінде тек аталып өтеді. іп уіуо (инактты тірі ағзада) жағдайындағы
фермент активтілігінің катализінің біртіндеп жоғалу мәселесі,
фермент концентрациясының төмендеуі инактивация есебінен оның
биосинтезін қажетті мөлшерде компенсирлеген кезде онша маңызды
емес. Керісінше, іп уіtго (тірі
жасушадан тыс) фермент инактивациясын реакция кинетикасын зерттеуде де,
сондай-ақ ферментативті реакторды құрастыруда да ескеру қажет.
6-суретте бірінші рет
ферменттік катализ кинетикасында басқа типтегі ерекшелік кездеседі. Мынаған
көңіл аудару қажет, бұл тәжірибеде қолда-нылған
ферменттің саны "бірлік" ретінде белгіленген. Бұл қандай
құпия бірлік және
фермент санын неге түсініктірек түрмен, мысалға моль немесе масса бірлігі ретінде белгілеуге
болмайды?
Бірінші
сұрақтың екінші бөліміне жауап беруге тырысамыз.
Фермент санын әдетте, мысалға, масса бірлігі ретінде
белгілемейді, себебі ферментті препарат әдетте әртүрлі ақуыз сұйықтықтарының
қоспасынан тұратындықтан, берілген фермент оның құрамындағы
бірнеше компонеттердің бірі ғана болып табылады. Бізге қажетті
ферменттің бұл сұйықтықтағы саны көп жағдайда
белгісіз болып отырады, тағы да бұл әр препаратта әртүрлі
болып келеді.
Препараттың қасиетін ашу үшін ферменттің қүрамын
әдетте, масса бірлігінде фермент препараты бар катализдік активтіліктің
бірлігімен белгілейді.
Бірлік немесе актив бірлігі
деп сол ферментке берілген стандартты жағдайда катализдік активтілігі бар
фермент санын атайды. Мысалға, нәтижесі 6-суретте көрсетілген,
крахмал гидролизінің тәжірибеде глюкоамилазаға активтілігінің
бірлігіне, 4% Линтнер крахмал ерітіндісінде рН-4,5 жэне 60°С температурада 1
моль глюкозаны 1 минутта түзетін фермент санын қабылдаған.
Осыдан, әр нақты ферменттердің активтік бірлігінің өзінің
таңдамалылық анықтамасының болуы мүмкіндігіне және
де, сондай-ақ бір фермент өзі катализдейтін реакцияның нақты
жағдайына байланысты, бірнеше активтілікті анықтай алатындығына
көз жеткізе аламыз. Осы себепті, интерпретация немесе ферменттік катализ
реакциясының кинетикасын зерттеудегі нэтижелерді қолдану барысында қателікті
жібермес үшін, әр уақытта қолданылатын ферменттік
активтіліктің бірлігін анықтау
кезінде толық тексеру керек. Әрине,
егер жоғары тазалықтан өткен фермент активтілігі
белгілі болса, қателіктің болу мүмкіндігі бірден төмендейді.
28

7 сурет-Ферменттің ерітіндідегі инактивациясы.
(1 сағ. ішінде 37°С температурада аспартаза ерітіндісі 5%
-тей активтілігін жоғалтады).









Ферменттердің екі немесе онан да көп
ферменттермен өзара әсерлесуі
Ферменттермен катализденетін
реакциялардың көпшілігі кемдегенде екі субстраттың қатысуы
арқылы өтеді. Көбінесе субстраттың біреуі су болып
келеді, практикада оның концентрациясы басқа субстратпен салыстырғанда
1000 есе немесе оданда көп жоғары болады. Мұндай жағдайда
реакция бір субстратпен өтіп жатыр деп есептеледі және оның
кинетикасын зерттеу алдыңғы бөлімдердегідей сипатталады. Сонымен қатар төменде
келтірілген кинетикалық модельдер кейде ферменттік реакциялардың
жылдамдығына кофакторлардың әсерін түсіндіре алады. Көптеген
екі субстрат қатысатын процестерде үштік комплекстер түзілуі
мүмкін, мұнда фермент бір уақытта екі субстратпен
байланысқан. Бұл жағдайда
реакция бірізділікпен өтуі мүмкін.
Көптеген ферменттер
бірнеше субстраттармен өзара әсерлесе алады. Мұндай жағдайда
түрлі субстраттар активті орталықпен байланыс жасау үшін бәсекелеседі.
Осы типтегі ферменттердің ең көп тараған түрі
гидролиздеуші диполимеразалар, олар көптеген бірқалыпты
байланыстарды ыдыратады да гидролиздеуші полимерлі сегменттің ұзындығына
тәуелсіз болады.
.

8
сурет – S
- 1/V тузуінен К тұрақтысын анықтау әдісі.
Қой бауырынан алынған этилбутират
карбоксипептидазаның гидролизі үшін берілген.
Сол уақытта димерлі,
тримерлі және олигомерлі кинетикалық параметрлер өзіне ұқсас
реакциялардан, үлкен молекулалы полимерлер тізбегінен айтарлықтай
ерекшелене алады. Осындай ферменттің үлгісі ретінде жүмыртқа
ақуызының құрамында кездесетін лизоцимді, сілекейлі сұйықтықтарды
және көздің жасын алуға болады.
Лизоцим күрделі
мукополисахаридтерді гидролиздейді, сондай-ақ жасуша қабырғасындағы
муреинді бұзу арқылы грамм оң бактерияларының
тіршілігін жоя алады.
Әдебиеттердегі мәліметтерге
сүйенсек, гидролизге ұшыраушы
әр олигомер немесе полимерді жеке субстрат ретінде қарастыруымызға
болады. Сондай-ақ крахмал типтегі полимер субстрат негізінде толық
жеке субстрат болмаса да, құрамында әртипті мономер -
мономерлі байланысы бар, әртүрлі молекулалық массасы бар
полимерлер сұйықтығы болып табылады.
Мұндай типтегі
реакциялар өндірісте крахмал амилаза ерітінділерін сығуға қолданылады.
Осыған ұқсас эффектіні басқа реакциялардан да мысалы,
протсоматикалық ферментпен жүргізілетін ақуыз гидролизінен күтуге
болады. Әртүрлі субстраттардың арасындағы бәсекелестікте
сандық бағалаудан бұрын, жоғарыда келтірілген
мысалдарда айтарлықтай үлкен рольді өзге факторлар, оның
ішінде физикалық факторлардың мөлшері мен жеке субстраттардың
жағдайы, сондай-ақ, әр реакциялық субстрат сұйықтығында
болатын гидролизге түсетін байланыстар саны үлкен роль ойнайтындығын
айта кеткен жөн.
Кейбір гидролиздеуші
ферменттерге биополимерлер тізбегінің әртүрлі бөліктеріне
таңдамалы қатынасы тән қасиет болып саналады. Сонымен
экзоферменттер соңғы немесе соңғыға жақын
тізбектік байланысын ыдыратады, ал эндогидролазалар тізбек гидролизінің
ішкі байланысын катализдейді. Мұндай жүйенің кинетикасын
сипаттағанда ферменттік реакцияның екі түрін де ескерген жөн.
Сондай-ақ биополимерлер сұйықтығындағы
байланыстардың соңғысының «концентрациясын» және
ішкі байланыстарды да ескерген жөн.
Төменірек біз бір қарапайым,
бірақ көрнекі субстрат сұйықтығындағы
ферменттік ракцияның кинетикасын сипаттауда кездесетін кейбір қиындықтарын
бейнелейтін мысалды қарастырамыз.
Мысалы, берілген реакция тізбектері екі
түрлі субстраттың бірдей ферменттермен өзара байланысын
бейнелесін дейік:
|
|
|
|

Мұнда әр субстрат
ферменттің әйтеуір бір бөлігін байланыстырып алатындығын
бейнелейді. Бұрынғы ферменттік реакция кинетикасының
анализіндегідей, ферменттің жалпы материалдық балансы мен тепе-теңдік
шартының теңдігін қолдану арқылы, реакция жылдамдығы
үшін келесі теңдеулерді аламыз:

7 және 8 реакцияларынан
көретініміз , егер бір ферментпен екі реакция катализденсе, онда екі
субстрат қатысқан жеке реакцияның жылдамдығы тек бір
субстрат қатысқан реакция жылдамдығына қарағанда
төмен болады. Бұл факт ферменттік препараттардың
идентификациясы үшін жете қолданылып келді, шынында да осы жолмен
скі субстратты бір фермент катализдейді ме ? Жоқ, әлде әр
субстратты катализдейтін өз ферменті бар ма екендігіне көз
жеткізуге болады.
Тәжірибелік және
технологиялық жағдайларда барлық реакциялық сүйықтықтарды
немесе қоспалардың компоненттерінің концентрациясын бақылап
, анықтап отыру
өте қиын, тіпті мүмкін
емес деуге де болады. Мысалы, глюкозала полимерінің амилоглюкозидаза
ферментінің әсерінен моиомерлі глюкозаға айналуьн қарастырайық:
амилоглюкозидаза
Глюкоза полимері------------------------------------------- ►
Глюкоза
Бұл реакциядағы
глюкоза қалдықтарынан құралған барлық
субстраттар концентрациясы оңай табылатын біртұтас субстратқа
бірігеді. Мұндай типтегі орталықтанған субстраттар химиялық
кинетика саласында кеңінен қолданылады. Мәселен, газойльдің
катализінің ерекшелігін қарастырайық . Жобалық жұмыстарда
немесе реактордық анализдеу жұмыстарында бұл процесті оңайлату үшін көп жағдайда
екі тізбекті реакция рстінде қарастырады:
Газойль--------- ► Бензин--------- ► Газдар
Дегенмен бұл жағдайда
әр реагенттің өзі сұйықтықтар қоспасынан
тұратындығы анықталды.
Мұндай процестер
биологиялық реакцияларды модельдеу жэне зерттеуге арналған
биологиялық, биотехнологиялық ғылыми- техникалық әдебиеттерде,
сондай-ақ, осыған ұқсас технологиялық процестерді
жобалауда әрдайым қолданбаса да, жиі кездесіп тұратындығы
анықталды. Дәлелденбеген теңдіктер теориялық
зерттеулерде де, сондай-ақ практикалық жүмыстарда үлкен
қателіктердің туындауына әкеліп соғады.
|
|
|
|
2. Ферменттің активті / катализдік / орталығы
Фермент молекуласының субстратпен
тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы
деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға
жэне ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір
радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан
түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан
басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды
қызмет атқарады.
Ферменттердің активті
орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынадай амин қышқылдары
кездеседі:
1.
Цистеин, оның құрамында сульфгидрильдік топ
- SН бар;
2.
Серин, оның құрамында гидроксилдік топ - ОН
бар;
3.
Гистидин, оның құрамында имидозол сақинасы
бар;
4.
Аспарагин қышқылы мен глутамин қышқылы,
ол екеуінің құрамында екінші карбоксилдік топ - СООН бар;
5.
Триптофан, қүрамында индол сақинасы бар;
6.
Гидрофобты амин қышқылдары, ондай амин қышқылдары
құрамында субстраттың полярлық емес учаскесіне жақын
гидрофобты /полярсыз / бүйір топтар болады.
Активті орталық фермент
молекуласының бетіндегі шағын ғана бөлік. Ферменттегі
амин қышқылдары қалдықтарының үлкен бөлігі
орталық активтілігіне әсер етпейді. Мысалы, мынадай жағдай
анықталған: 124 амин қышқылдары қалдықтарынан
түратын рибонуклеаза молекуласынан 20% дейін амин қышқылдарын
бөліп алған кезде, ол өзінің активтілігін жоғалтпаған.
Активті орталық нүктеге
де , сызықшаға да үқсамайды, кеңістіктік пішінді,
ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық
орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан
пайда болады.
Химотрипсиннің активті орталығын
қарастырайық. Оның молекуласы 226 амин қышқылдарының
қалдықтарынан түрады. Химотрипсиннің активті орталығында
амин қышқылдарының кездесуі мынадай:
.. . Гли - Асп - Сер - Про - Лей -..
. ОН
Мұның
молекуласында сериннің 26 қалдығы бар, ал катализдік
активтілік үшін олардың біреуі ғана жеткілікті.
№ 6 дәріс
Дәріс тақырыбы:
Фермент
субстраттарын белсендендіру және ингибирлеу әдістері
Дәріс
жоспары:
1. Фермент субстраттарын белсендендіру және
ингибирлеу әдістері.
2. Субстраттық белсендендіру.
3. Ингибирлеу кинетикасы.
1. Ферменттің
субстратпен активациялануы және ингибирленуі
Фермент активтілігі ортада әртүрлі
химиялық заттардың болуына байланысты. Ондай заттардың
кейбіреуі фермент активтілігін арттырады, мүндай қосылыстар
активаторлар деп аталады. Ал екінші бір заттар фермент әрекетін
баяулатады, тіпті оны тежейді. Мүндай заттар ингибиторлар /тежегіштер/
деп аталады.
Активаторлар ферменттік
реакцияларды тездетеді. Мысалы, асқазан сөліндегі тұз қышқылы
пепсинді активтендіреді, сөйтіп ақуыз гидролизі тездейді.
Ингибиторлар ферменттік
реакцияларды біршама немесе мүлде тежейді, мысалы, инсектицидтер
холинэстереза ферментінің әсерін тежейді, ол ферменттің
активті орталығымен байланысады да, жүйке жүйесін тырыстырып,
сірестіреді.
Бір ферментке активатор
ретінде әсер ететін, ал екінші ферментке ингибитор ретінде әсер
ететін заттар бар. Мысалы тыныстану жүйесінде цианидтер цитохромоксизада
ферментінің әрекетерін түгелдей тияды, ал папаин, каталаза
ферменттерінің активтілігін айтарлықтай арттырады.
Ферменттер әсерінің
бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі.
Бәсекелес тежеуші өзінің қүрылымы бойынша
субстратқа үқсайды, ол сондықтан да ферментті «алдай
алады», оның активті орталығымен байланыс жасайды да, ферменттің әсерін
шектеп тастайды. Мысалы, сулфамидтер өздерінің құрылымы
жөнінде пара-аминобензой қышқылына ұқсайды, бұл
қышқыл кофермент қүрамына кіреді.
Сульфамид
ферментпен байланысады да, оны шектейді, осылайша, биокатализатордың жұмысын
баяулатады.
Бәсекелес емес
ингибитордың құрылымы субстраттан бөлек және ол ферменттің
субстрат байланысатын активті орталығымен байланыспайды, басқа маңызды жерімен,
мысалы, HS-тобымен байланысады. Бүл
кезде фермент
молекуласының пішіні өзгереді де, оның
катализдік орталығында қайтымды инактивация болады.
Қайтымсыз ингибирлеу
/тежелу/. Көптеген ингибиторлар ферментпен немесе фермент-субстрат
комплексімен қайтымсыз байланыс жасайды. Ферменттің активті орталығымен
мүндай байланыс ковалетті түрде цистеиннің сульфгидрильдік
тобы немесе сериннің гидроксилдік тобы арасында болады және мышьяк қосылыстарының
улы әсері осындай жағдайға байланысты. Әсері қайтымсыз
тежеуге негізделген емдік дәрілерге пеницилин жатады. Ол бактерия
жасушасы қабықшасы жасалатын затты түзетуге қатысатын
ферменттердің біреуінің әрекетін тежейді.
Проферменттер. Проферменттер /латынша pro-алдыңғы,
бұрынғы және фермент/-ферменттердің активті емес түрі.
Безді эпителийде бірқатар протеолитік ферменттер активті емес күйде-проферменттер
/немесе зимогендер/ түрінде синтезделеді. Мысалы, пепсин қарынның
ішкі қабатында пепсиноген проферменті түрінде түзіледі,
трипсин үйқы безінде трипсиноген түрінде түзіледі,
т.с.с. Осының арқасында проферменттер түзілген жасушалар мен ұлпалар
өздерін-өздері бүлдіріп бүзбайды.
Трипсиноген, химотрипсиноген үйқы
безінде синтезделеді де, он екі елі ішекке барады, сол жерде ол екеуі
активтенеді. Бүл кезде трипсиногеннің N-соңынан гексапептид / Вал-Асп-Асп-Асп-Асп-Лиз/ ажырап бөлінеді
және трипсин ферменті пайда болады.
Трипсиноген + су = энтерокиназа, трипсин + гексапептид
Профермент Фермент
/амин қышқылының 229 қалдық/ /223 қалдық/
Химотрипсиногеннің
активтенуі екі кезеңге созылады. Ең алдымен трипсин әсерінен
химтрипсиногенінің / N- -соңынан 15 мүшелі пептид ажырап бөлінеді.
Бұдан кейін 7 химотрипсин молекулаларының біреуі оның басқа
молекуласының әр жерінен екі пептидтің бөлінуін
катализдейді, осының нэтижесінде а-химотрипсин ферментінің активті
түрі пайда болады.
Асмқазанның безді
жасушаларында пепсин активті емес түрде-пепсиноген түрінде түзіледі.
Оның активтенуі асқазан сөлінде тұз қышқылының
әсерінен жүреді, нәтижесінде бірнеше пептид ажырап бөлінеді,
ол пептидтер пепсиноген молекуласының 1/5 бөлігі болады, ал пептидтің
біреуі-пепсин ингибиторы.
Изоферменттер Изоферменттер /грек тілінде isos-тең, бірдей және фермент/.
Изофермент дегеніміз-бір ферменттің әр түрі, олардың
полипептидтік қүрылысында бір-бірінен өзгешелігі болады. Олар
бір түрге жататындардың ағзасында немесе жеке жасушасында
кездеседі, олардың катализдік активтілігі әртүрлі болады.
Мысалы, сілекейде жэне
үйқы безінде болатын
α-амилаза крахмалдың ферменті.
Реакция жылдамдығының
субстрат концентрациясына тәуелділігіндегі кейбір ферменттерге тән
S-тәрізді қисықтар
ферменттің активтелу құбылы-сы жүргенін білдіреді.
Субстраттың концентрациясы төмен болған кезде, субстраттың
бір молекуласы мен ферменттің байланысы келесі молекуланың
байланысу жылдамдығын артырады. (математикалық тұрғыдан
қарағанда, реакцияның бұл сатысында dу/dt артатындығын білдіреді.) Мұндай
процестің үлгісі ретінде субстраттың ақуыз
суббірлігімен сәйкес байланысы қолданылуы мүмкін. Мысалы,
алиголирлі құрылысты ферменттің бірнеше байланыстыратын,
субстрат орталығы бар және субстраттың бірнеше молекуласының
ферментпен байланысы соңғының құрылысын былайша өзгертеді,
онда субстратқа қатысты қалған бос орталықтардың
туыстығы артады. Мұндай үлгінің математикалық талдауы гемоглобин үлгісінің талдауына ұқсас.

Субстрат
(S)
концентрациясы Субстрат (S) концентрациясы
А)
Б)
9 сурет - Ферменттік реакцияның субстратпен
активтенуі (а) және ингибирленуі (б).
Кейде субстрат санының көп мөлшерде қатысуы,
ферментпен катвлизденетін реакцияның жылдамдығы субстрат
концентрациясы жоғарыланғанда төмендейді. Бүл құбылыс
субстратты ингибирлену деп аталады, мұндай жағдайда реакция
жылдамдығы S субстрат концен-трациясын
шектен тыс жоғарылағанда алдымен өседі, сонан соң
максимумға жетіп, соңында төмендейді. Егер S тиісті S тах -дегі
S –ке қарағанда үлкен
болса, онда субстрат концентрациясының төмендеуі реакция
жылдамдығының жоғарылауына әкеліп соғады. Мұндай
типтегі реакцияның
автокатализдік қасиеті биохимиялық реакциялардың жұмысына айтарлықтай әсер ете
алады.
Субстрат концентрациясы мен субстратпен
ингибирленетін реакция жылдамдығының арасындағы аралық
байланысты Михаэлис-Ментен теңдеуін
қолдана отырып, жоғары дәлдікпен сандық бағалауға
болады. Ол үшін сондай-ақ, S -тің ЕS -ке қосылысы нәтижесінде
реакциялық белсенділігі жоқ аралық қосылыс түзіледі
жэне фермент субстрат молекуласының екіншісін де байланыстыра алады деп
санау қажет.
3. Инактивация процестерін
модельдеу және оның кинетикасы
Активті ферментті (Еа)
инактивтеудің қарапайым моделінде ол қүрылымдык және
химиялық өзгерістерге ұшырап активті емес формаға (Е;)
айналады:
Ея------------------- ►
Е;
Бұл реакцияның жылдамдығы rd ферменттің активті
формасының концентрациясына пропорционал:
rd = kdla
Егер жабық жүйеде
эффектті түрде араластырсақ ( реакциялық қоспада
субстрат, реакция өнімі, ингибитор жэне басқа эффектор жоқ
деп есептейік ) фермент активті формасының концентрациясы уақыт
бойынша өзгерісін теңдеумен сипаттаймыз;
|
|
сондықтан
|
|
|
|
Осы теңдеумен 9 суретте
аденозинтрифосфатазаның түрлі жағдайдағы активтілігінің
тәжірибелік мәндері сәйкес келеді. Инактивация тұрақтысының kd
температураға тәуелділігі аралық
күй теориясымен түсіндіріледі, ол Аррениус теңдеуінен өзгешелеу
және өте аз температура
аралығындағы биологиялық жүйелерге арналған.
Ақуыздарды денатурациялау процесі үшін жоғары активтендіру энергиялары тән.
Егер ферменттік активтілік болмаса жасушаның өмір сүруі мүмкін
емес. Кейде жасуша ішкі жасушалық ферменттердің аз ғана бөлігі
бұзылған соң, өліп кетеді. Осы орайда газдарды, сұйықтықтарды,
қатты денелерді (барлық микроорганизмдерді құрту үшін)
мақсатында жылулық шаралары қолданылатыны түсінікті.
10 сурет. Аденозинтрифосфатазаның түрлі жағдайдағы
активтілігінің тәжірибелік мәндері
Негізінен ферменттердің инактивациялануы туралы мәліметтерді
алу үшін ферментті
денатурациялайтын
жағдайында субстратсыз біраз уақыт
ұстайды, одан денатурациялайтын факторлар әсерін тоқтатып,
стандартты жағдайлар туғызып, субстрат қосып, активтілігін
бастапқы ферментті реакцияның жылдамдығымен анықтайды.
Ферментті инактивациялау субстрат қатысында
болса, онда жылдамдық жоғарыда айтылған жолмен табылғаннан
әлде қайда айырмасы болады, мысалы, субстрат пен реакция өнімі
өзін-өзі ферменттің инактивтелуін қоздырмаса, бос
фермент және субстрат- ферментті комплекстің (немесе реакция өнімі
мен фермент комплексі) инактивтелу жылдамдықтары әртүрлі
болады. Мұндай анализ мүмкіндіктерін жүйелерге қолдануды қарапайым мысалмен
көрсете алады.
Субстрат пен ферменттің байланысуын соңғысы
тұрақтандырады (мұндай әсер көптеген жүйелерде
байқалған). Осылайша біздің мысалымызда инактивацияға
тек бос фермент ұшырайды.
Михаэлис және
Ментен реакцияларының реттілігі
бойынша модельді жүйені
инактивациясын комбинациялап мына теңдеуді аламыз.

|
мұнда , etot,a _ бос күйіндегі активті
ферменттің жалпы концентрациясы (комплекс күйде
де). өзгеру жылдамдығы etoU мына
теңдеумен өрнектеледі: |
Біз әрі қарай
негізді түрде инактивация процесі реакциялардың әлде қайда
жәй жүреді деп айта алмаймыз, комплекс (EaS) үшін квазистационар күйге жақындатып, реакция жылдамдығы
үшін келесі өрнек аламыз:


Теңдеуде
қоданылған есептеулерді қолданып, квазистационарлы күй кинетикасына оралып, еа
мәнін elou жэне каталиттік реакциялар параметрлері аркылы теңдеу
былай түрленеді:

Соңғы теңдеулерден байқайтынымыз,
субстраттың өзгеру жылдамдығы мен фермент инактивациясы өзара
байланысты. Ферменттің инактивация процесі субстраттың
концентрациясына тәуелді. Ескеретін нәрсе, егер Еа және (EaS) бірдей
жылдамдықпенен инактивтелсе, онда ферментті реакциядағы фермент
активтілігі субстрат жоқ кездегідей төмендей береді.
Осы түсініктерді жалпылай келе, ферменттің әртүрлі
формасының (бос фермент, әртүрлі комплекстер, иондалған
жағдайдағы және т.б.) инактивтелу
^
жылдамдылығының түрлілігі
жалпы реакция жылдамдығының әртүрлі формадағы
ферменттің салыстырмалы мөлшеріне әсер ететін кез-келген
параметрге (субстрат концентрациясы және ингибитор, рН т.б.) байланысты.
Инактивация жылдамдығының рН - қа күрделі тәуелділігін
сипаттау үшін келесі модель жасалған:
|
|
Басқа да кейбір ақуыздардың
берілген рН мәндерінде инактивтелудің ең
аз жылдамдығы байқалған. Ферменттік активтіліктің уақыт
өтуіне байланысты кемуі барлық уақытта бірінші ретті реакцияға
сәйкес келе бермейді
Бірқатар ақуыздар
үшін активтілік логорифмінің уақытқа тәуелділігі
түзу сызықты түрде емес, сәйкес сызықтардың
2 түрлі аймақта болуы кездеседі. Мүндай жүйелерді
түсіндіру және талдау үшін бірқатар модельдер үсынылған.
|
|
11 сурет- Рициннің инактивтелуінің 1
ретті
реакциясының жылдамдық
тұрақтысының рН пен температураға тәуелділігі.
Солардың бірі, параллель, қайтымды және қайтымсыз
инактивацияның қамтитыны кей ферменттердің активтілігінің
төмендеуін
түсіндіруге қолданады:
|
|
Келтірілген модель бірінші ретті элементарлы
реакциялардың кинетикасын көрсетеді, люциферацияның
инактивтелу нәтижелерін интерпретациясын зерттеуде жемісті
қолданылады.
Протеаз ерітінділерінде активтіліктің жоғалуы
күрделі процесс, өйткені протеоздер өз гидролиз реакцияларын
катализдейді. Бүл ерекшелік ( автолиз) қолданылған
модельде ескерілуі тиіс. Төменде келтірілген инактивтелу моделі автолиз сатымен толықтырылған.
|
|
|
|
Реакциялардың осылай
тізбектелу ерекшеліктері химиялық әдістермен дәлелденген. Жақсы
зерттелген ферменттің инактивтелген формасы Еі] протеаздың Еа
активті формасының шабуылы мен гидролизіне ұшырай алады.
Фермент инактивтелу кинетикасын аяқтай отырып, қайтымсыз
реакцияларда ферменттердің улармен инактивтелуін талдауды ескерткен жөн.
Қарапайым жағдайда:
![]()
Бірақ, улар ферменттің активті орталығының
өзіне әсер етеді, фермент-субстрат байланысы оған тосқауыл
болуы керек, әйтпесе талдаудың соңында түрлі өзгеріс
болуы мүмкін. Бізге катализ ішіндегі ферменттің улану
процестерін қарастыру керек, соңғы теңцеуде Еа - бос фермент, яғни комплекске байланыспаған фермент мөлшері.
№ 7 дәріс
Дәріс тақырыбы:
Ферменттерді
тұрақтандыру әдістері және қолданылуы
Дәріс
жоспары:
1. Ферменттерді тұрақтандыру әдістері.
2. Гетерогенді жүйелердегі ферменттік
реакциялар.
3. Ферменттік реакциялардың өнеркәсіпте,
биотехнологияда қолдану аймақтары.
1. Ферменттерді тұрақтандыру
әдістері
Табиғаттағы тұрақты
формалардан басқа да, ферменттердің тұрақтылығын
арттырудың белгілі әдістері бар. Негізінен әдістерді негізгі үш
топқа бөлуге болады.
А) Фермент сақталып тұрған
немесе ферменттік реакция жүріп жатқан ортаға тұрақтандырғыш
заттар қосу.
Б) Ерітілетін ақуыздың химиялық модуляциясы.
В)Ерімейтін қатты
тасымалданушы немесе матрицаның үстінде не барлық көлемінде
имммобилизациялау.
Біздің қысқаша шолуымызда
негізгі біздің алдыңғы екі әдіске бөлінеді, ал
иммобилизацияны жэне оның ақуыздық бірқалыптылығына
әсерін қарастырамыз.
Ақуыздың бірқалыптылығын
арттыратын заттарға субстраттар, органикалық ертінділер және
тұздар жатады. Молекуланың ақуызға жабысып,
субстратты-фермент комплексін құру арқылы ферменттерді тұрақтандыруы
мүмкін.
Екінші жағынан, сәйкес
субстраттардың ферменттерді тұрақсыздандырған жағдайлары
белгілі. Кей ферменттерді тұрақтандыратын көп атомды спирттер
сияқты ерітінділер ақуыздың ішкі молекулаларының
сутекті байланысы жоғарылауы мүмкін.
Тұздардың төмен
концентрацияларында (<
Әртүрлі заттардың
ферменттер тұрақтылығына мысалы 2 кестеде келтірілген.
Есте сақтайтын нәрсе,
сол заттың немесе фактордың қандай да бір ферментке тұрақтандырыш
ретінде әсер етуін, басқа да заттарға не ферменттерге солай
әсер етеді деп
ойламауымыз керек. бір
жағынан тұрақтандырады, ал сол тұздардың
жоғары концентрациялары көбінесе олардың денатурациясын туғызады.
Бұл ереже органикалық ерітінділерге қатысты.
Ферменттердің тұрақтылығын
жоғарылату үшін биохимиялық зерттеулердің маңызды
құралы, ақуыздың химиялық модификациясы табысты қолданылған.
Бұл әдістің бір нұсқауында модификацияға
кейбір аминқышқыл қалдықтарының шеткі тізбектері ұшырайды.
Ақуызды химиялық
тұрақтандыру әдісінің басқа нұсқасы
бифункционалды реагентерді пайдалануға негізделген. Мұндай
реагенттер ақуыздың амин қышқылдарының арасында көлденең
байланыс түзеді, сол арқылы протеаздың ақуызға
енуін қиындатады және екіншіден ақуыздың активті
конформациясын бекітеді.
2 кесте Ферменттерді тұрақтандыру
әдістері
![]()
|
Фермент |
Тұрақтандыру
әдісі |
Тұрацтандыру
қорытындысы. |
|
Глюкозамилаза |
Глюкоза, глюконолактона-субстрат
анологтарын қосу. |
Термиялық бірқалыптылықтың жоғарылауы |
|
Лактат-дегидрогеназа |
Лактатта субстрактың
немесе фруктозодифосфат
эффекторын қосу |
Термиялық бірқалыптылықтың жоғарылауы, басқа
субстраттардың қатысуында тұрақсыздануы |
|
А-Амилаза |
50-70% сорбит қосу |
Термиялық бірқалыптылықтың жоғарылауы және
сақтау кезіндегі бірқалыптылық |
|
Химотрипсин |
50-90% глицерин қосу |
Протеолизга бірқалыптылықтың жоғарылауы |
|
В+Галактозидоза |
5-10% этанол немесе
изопрапанол қосу |
Термиялық
бірқалыптылықтың жоғарылауы, со л концентрациядағы н- пропанол
немесе метанол ферментті тұрақсыздандырады. |
|
А-амилаза (Васіііш
саЫоІуІсу-дан) |
Кальций 2 валентті ионын қосу |
Термиялық бірқалыптылықтың айтарлықтай жоғарылауы |
|
Трипсин |
Полиаланил конденсациясы аминтоптарының ақуызымен бірге (оншақты аминққышқыл қалдығындай) |
Претеолизге және жылу активациясына біршама жоғарылауы |
|
Аспараминаза |
Янтарлы ангидридпен өңдеуге
сукцинді топтың енуі |
Протеаздарга бірқалыптылықтың жоғарылауы |
|
Гликогендисфорилаза |
Алъдегид пен жәнеNаOН
өңделген бутилді немесе пропилді орынбасарлардың
енуі |
Термиялық бірқалыптылықтың
артуы |
|
Папаин |
Глутар алъдегидінің көмегімен көлденең байланыстарының цалыптасуы |
Термиялық бірқалыптылықтың
артуы |
Осы уақытқа
дейін біз ерітіндідегі еріген субстраттармен әсерлесетін ферменттердің
іс-әрекетіне көңіл бөлдік. Бірақ, біз айтқандай,
мұндай жағдай жалғыз емес. Мысалы, прокариотикалық
жасушалардың сызбасы берілген суретте кейбір жасушалық ферменттердің
жасуша мембраналарымен байланысатыны көрсетілген. Осыған ұқсас
құрылымдар
реакциялардың күрделі тізбегіне жауап беретін ферменттердің
ішкі мембраналардың күрделі жүйесімен байланысқан
мысалы, эукариоттарда, митохондрияларда кездеседі.
1 суретте көрсетілгендей, табиғат пен биохимиялық
технологияда фермент пен субстраттың әртүрлі физикалық
күйлерінің басқа да көптеген байланысулары бар. Біз мұнда
фермент ерітінділері мен ерімейтін субстраттар арасындағы ферменттік
реакциялардың кинетикасын қарастырамыз.
Егер субстрат бірмезгілде әртүрлі
фазада болса, онда кей жағдайда ферменттік реакцияға оның
ерітіндідегі орналасқан бөлігі ұшырайды. Мысал ретінде 2
суретте берілген мәндерді алайық. Барлық заттар аздап болса
да еритін болғандықтан, олар міндетті түрде фермент әсеріне
ұшырайды.


Осының бір мысалы ретінде
адамның ас қорыту жолында түзілетін және майларды
ыдырататын панкреатиттік липаза – ферментінің әсерінен жүретін
метилбуитраттың гидролиз реакциясын қарастырайық. Алдыңғы
мысалға қарағанда, мұнда реакция қоспада
ерімейтін субстраттың кішкене тамшылары түзілмейінше басталмайды (3
сурет).
Бұл фермент өзінің активтілігін тек екі сұйық
фазаның шекарасында көрсететіні айқын. Беттік керілудің
әсерінен ферменттің денатурациясы жүретінін ескерсек, май
тамшыларындағы беттік керілу ас қорыту жолына бөлінетін табиғи
беттік-активті заттардың - өт қышқылдарының –
адсорбциялануы әсерінен едеуір кемиді.
Басқа ферменттер
субстраттың еритін және ерімейтін түрлеріне де белсенді.
Мысалы, протеолиттік фермент-трипсин бос күйдегі және каолинит
бетіне адсорбцияланған лизоцимді ыдырата алады. Лизоцимның өзі
еритін және ерімейтін субстраттармен әрекеттесе алады. Лизоцим
бактериалды жасушалардың қабырғаларын белсенді түрде бұзады,
екінші жағынан ол жасушалық қабырғалардан түзілетін
ерімейтін олигомерлерді катализдей және ыдырата алады.

Еритін ферменттің
ерімейтін субстрат бетінде адсорбция арқылы әрекеттесуін бұрын
қарастырылған кинетикалық теңдеулердің қызық
нұсқасы арқылы шешуге болады. Реакция жылдамдығы
ферменттің концентрациясына байланысты тура артқан алдыңғы
жағдайларға қарағанда, мұнда фермент
концентрациясы артқанда алдымен реакция жылдамдығы артады, сонан соң,
өзінің шекті мәніне жақындайды. Фермент-субстратты
комплекстердің мұндай әрекеті 4 суретте толық
бейнеленген, онда трипсин әсерінен ақуыздың қатты бөлігінің
(мұнда желатин арқылы көлденең байланыстармен тігілген
– тиогель) гидролизінің кинетикасы берілген.
Гетерогенді реакцияның
жеткілікті жасалған кинетикасын фермент субстратта адсорбцияланады деген
ескертумен бастаймыз.
А белгісімен субстрат бетіндегі бос орталықтарды
белгілесек, біз мынадай теңдеу жаза аламыз:
[1.1]
Егер субстрат бетіндегі
адсорбциялық орталықтардың жалпы моль санын реакциялық қоспаның
көлем бірлігіне есептегенде а0 тең десек ,
онда
![]()
[1.2]
[1.2] теңдеуінен және ферменттің
тепе-теңдік адсорбциясының теңдеуінен [1.1] шығады:

[1.3]
Енді реакция ЕА комплексінің
қайтымсыз ыдырауынан тұрады деп санасақ, онда,
[1.4]
![]()
Шарт бойынша е бос
ферменттің концентрациясын көрсетеді, ол тәжірибе басында
ферменттің жалпы концентрациясымен е0 былай байланысқан:
[1.5]
Егер ферменттің бастапқы концентрациясы субстраттың
бастапқы концентрациясынан өте көп болса, (е0>>а0),
онда жуық түрде
былай жазамыз:
![]()
[1.6]

Сондықтан
[1.7]
Қатты субстраттармен болатын е0>>а0,
жағдай да ерекше емес. Мысалы
4 суретте алынған мәліметтер е0/а0 қатынасы
жуық шамамен 4000 тең жағдай үшін алынған.Осы
арқылы гетерогенді реакциялар ерітіндіде өтетін реакциялардан
ерекшелінеді, соңғыларында s0
әтте е0 салыстырғанда өте көп.
[1.7] теңдеуден шығады, 1/v ның 1/е0
( Лайнуивер- Бэрктің қос кері координатасында) түзу сызықты
береді. 5 суретте көрсетілгендей, шындығында солай.Мұнда басқаша
түрдегі 5, а суретте берілген түзу, 4
суретте де берілген, ал 5,б суретте
сондай нәтижелер басқа жүйе, еритін фермент- ерімейтін
субстрат жүйесі үшін алынған.
Микроағзалар үшін тағамдық заттардың көптеген
көздері қатты заттар түрінде болады ( қалдық су ағындарында,
көлдерде, су қоймаларында). Еріген тағамдық заттардың
жасушалық мембраналардан адсорбциясы мен тасымалдануы алдында бұл бөлшектердің
жасуша сыртындағы ферменттермен гидролизденуі қажет. Осыған ұқсас
целлюлозаның целлюлаза сияқты ферменттермен гидролизі ерімейтін бөлшектердің
алдын-ала ыдырауын қажет етеді, сондықтан осы бөлімде қарастырылған
гетерогенді ферменттік реакциялардың кинетикасы осы түрдегі
субстраттары бар реакторларды есептеу үшін керек.Біртекті кристалдық
беттің атомдарының газ молекулаларымен әреттескенінде мынадай
жағдайлар кездесуі мүмкін:

I — аймақ, физикалық,
яғни Ван-дер-Ваальстік адсорбция
аймағы. Мұнда әрекеттесу энергиясы шамамен 1 /ккал, осы кезде
молекулалары деформацияланбаған, олардың атомдары арасындағы
байланыстар әлсі-реген, беттік қабаты бар, беріктігі аз қосылыстар
түзіледі.

II аймақ
—хемосорбция аймағы. Мұнда
газ молекулалары беттік қабатпен берігірек байланысқан; хемосорбция
үшін энергетикалық кедергіні жеңу қажет. Активтендіру
энергиясының болу себебі газ молекулаларының электрон бұлттарының
және беттік атомдардың тебілуімен түсіндіріледі. Беттік қабатқа
газ молекулалары жақындағанда олардың электрон бұлттарының
деформациялануы газ молекулаларындағы атомдардың орналасуының
деформациясын туғызады, яғни атомдар арасындағы арақашықтық
артады. Кедергілік энергиясының шамасы кәдімгі химиялық
реакциялардағыдай болады.
Хемосорбция активтендіру
энергиясын қажет ететін болғандықтан оны активтелген
адсорбция деп те атайды. Активтелген адсорбцияны газ – беттік қабат «мұздатылған»
активті комплексінің түзілуі ретінде қарастыруға болады. Бұл
аймақ катализ үшін ең маңызды, мұнда өтетін
процестер негізі төменде қарастырылатын катализдің
мультиплеттік теорясымен түсіндіріледі.
III аймақ
адсорбцияланған молекуладағы байланыстардың үзілуі нәтижесінде
атомдар немесе орадикалдар пайда болатын хемосорбцияның шекті жағдайын
береді.Бұл аймақ үшін де Баландиннің мультиплеттік
катализ теориясын қолдануға болады. Бірақ мұнда өтетін
процестердің ерекшелігі катализдің электронды
(Рогинский-Волькенштейн) және
радикалды (Семенов-Воеводский)
теорияларында қарастырылады
Электронды теория жартылай өткізгіш
катализаторлардың таза физикалық теориясы ретінде өз алдында
катализдің қарапайым сатысының электронды механизмін анықтау
мақсатын қояды. Элоектронды теоря кристалды біртұтас деп қарастырып,
идеалды тегіс кристалдық беттің өзінде энергиялық әртектілік
болатынын анықтайды. Сонымен бірге, электрондық теория тек қана
катализатор бетінің қасиеттерін ғана ескермей, көлемдегі
қоспалардың беттік қабат қасиеттеріне әсер
ететінін де дәлелдейді. Бұл теорияның негізгі қолдану
аймағы – тотығу-тотықсыздану реакциялары. Протон немесе
полярлы молекулаларды қосып алатын реакциялар үшін (гидролиз, конденсация,
изомерлену, крекинг, гидратация және т.б.) бұл теорияның қолданысы
аз.
Радикалды теория кристалды
беттік қабатында бос валенттіліктері бар үлкен полирадикал ретінде қарастырады.
Радикалды механизм тікелей катализдің электронды теориясынан шығады.
Негізінде радикалды теория химия тілінде электронды теорияны түсіндіру
болып табылады.
Радикалды және электронды
теориялар беттік қабаттың каталиттік әсер ету теориясынан
активті орталықтар теориясына ауысу болып табылады. Егер, электронды
теорияда қарастырғандай,
радикалдардың беттік қабатта көшіп-қонуын
ескерсек, онда адсорбцияланатын заттың беттік қабатпен әрекеттесуін
беттік ерітіндінің түзілуі ретінде қарауға болады. Бұл
жағдайда каталиттік активтілік беттік қабаттың белгілі бір
аймағында шоғырланбаған, яғни бүкіл бет толығымен
белсенді. Егер қандай-да бір себептермен бос валенттіліктер беттік қабаттың
қандай-да бір аймағында шоғврланса, онда катализдің мұндай
түрі активті орталықтар көмектескен катализ деп аталады.
Активті орталықтар ретінде кристалдық беттің кейбір аймақтары
саналады. Бұл жағдайға катализатор бетінің энергиялық
әртектілігінің әсеріне энергетикалық түзетулер
енгізілгендегі Баландин теориясын, сонымен бірге, кей жағдайда
Рогинскийдің қанығу теориясын қолдануға болады. Адсорбцияланған
атомдар мен молекулалар беттік қабат
0,1 — 1 болғанда, Рогинский көрсеткендей, металдағы
2-3 қабаттық оттек атомдарының қабыршағы жартылай
өткізгіш қасиеттері бойынша көлемдік оксид сияқты құбылыс
береді және металдар әрдайым оксид немесе гидрид
қабыршағымен қапталған. Катализаторлардың
әсер етуінің физикалық жағы электронды теорияда қарастырылады,
беттік ерітінділердің түзілу теориясы, сонымен бірге, мұндай
ерітінділердегі реакциялардың өтуі толық зерттелмеген.
Адсорбцияланған атомдар немесе молекулалар О<0,1 кезде. Катализдің бұл жағдайы
Кобозев теориясында қарастырылады. Кобозев теориясы активті орталықтардағы
атомдарды анықтауға және олардың санын, көшіп-қону
ауданын, миграциялық ұяшықтардың санын, бір орталықтың
каталиттік активтілігін есептеуге мүмкіндік
береді. Кобозевтің ансамбльдер теориясының кемшілігі ретінде
катализге химиялық түсінік
бере алмауын атаймыз. Кобозев каталиттік активтілікті тасымалдайтын и исходит из положения о том, что носителем
каталитической активнос аотмдардан тұратын ансамбльдер деп атғанмен,
жеке оқшауланған атомдардың газ молекулаларымен әрекеттесуі
оның жұмыстарында қөарастырылмаған. IV аймақ
( 6 сурет) газ тәріздес молекулалардың катализатормен көлемдік фазасының
тұзілу аймағы болып саналады. Вересков көрсеткендей бұл
аймақтың катализ үшін ешқандай маңызы жоқ.
Микроағзалардың ферменттік
активтілігін адамдар өте ертеден өмірде қолданып келеді.
Бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Кореяда, Жапонияда саңырауқұлақтардың
культурасын крахмалды өнімдерді қанттандыру үшін және
спирт алуда қолданылган.
Ферменттердің ішінде
гидролаза кеңінен қолданылады. Гидролазаның ішінде
ішкіжасушалық ферменттер көп. жасушадан бөлініп, олар
культуралды ортаға құйылады. Мұндай ферменттердің
алынуы арзан жэне тиімді. Сондықтан да гидролаза көбнесе қолданылады.
Гликозидаза - микробты
ферменттердің көпшілігі гликозидаза фермен-тіне жатады. Бұл
топқа амилотикалық ферменттер, крахмалды
гидролиздеуші: а - (3 амилаза жэне глюкоамилаза. Бұл гидролазалық
шығу тегі (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар,
бактериялар жэне
т.б.) болып келеді.
а - амилаза продуцентінің
практикада көптеген микроорганизмі қолданады. а - амилазаның
бір түрі жоғары температурада шамамен 100°С крахмалды
гидролиздейді.
Целлюлолитикалық
ферменттер (целлюлоза) - өте күрделі қосылыс.
Целлюлоза молекулалары әр түрлі аймақта әр түрлі әсер
етеді (қағазды
фильтрлеуге, мақтада), сх- компоненті клечатканы гидролиздейді (
карбоксилметилцеллюлоза). Целлюлозалар толығымен ыдырамайтындық-тан
олардың молекулалық массасына толық анықтама бере
алмаймыз. Ол балдырлардан бастап ағаштарға дейін барлық өсімдік
құрамында кездеседі. Целлюлозаның молекуласы ұзын бұтақталмаған
тізбек түрінде болады.
Сыра қайнатуда солодтың
орнына саңырауқұлақ амилазасы қолданылады. Бұл
астықтың (бидайдың) шығынын азайтады. Амилаза декстрин
жэне крахмал ерітіндісін алуда қолданылады.
Ал кондитерлік өндірісте
инвертаза (сахароза) ашытқысы, сахарозаға, глюкозаға жэне
фруктозаға айналады.
Саңырауқұлақты
глюкоамилаза сыра өндірісінде, сырадан декстрин қалдықтарын бөліп
алуда қолданылады. Ал глюкозоизомераза гликозо-фруктоза шырынын алу үшін
қолданылады»
Лактоза сүт алуда қолданылады.
Каталаза тамақ өндірісінде пероксидтің қалдыгын тазалау
үшін қажет.
- Амилаза - спирт, сыра, шарап, нан,
кондитер заттарын алуда
қолданылады.
Глюкоамилаза - глюкоза алуда, сырадан декстринді
жоюда. Инвертаза
- кондитерлі өнімді өндіруде. Пуклулоназа - мальтоза өндірісінде
.
- Галактозидаза - балмұздақ
дайындауда, сүт сары суын
лактозадан ажыратып алу үшін.
Целюллоза - араласқан кофе, сәбіз, цитрус өнімін өңдеуде.
Пектиназа - шарапты түссіздендіруде,
жеміс секторын түссіздендіруде.
Микробты протеаза - сыра қайнатуда,
қамырдың жетілуін тездетуде, ет сапасын жақсартуда.
Пепсин, папаин - сыраны түссіздендіруде.
Пепсин, трипсин, бромелаин -
балықты мариновать ету процесін тездетуде.
Липаза - жұмыртқа ақуызын езгенде сапасын жақсартады.
Глюкозаоксидаза, каталаза - құрғақ
сүтте, кофе, сыра, жеміс шырында-рын жақсартуда және ұзақ
уақыт сақтауда, оттегін жоюда қолданылады.
Тоқыма өндірісінде
ферменттердің қолданылуы.
Бұл
өндірісте пектолитикалық ферменттер кеңінен қолданылады.
Қазіргі
кезде зығырды жібіту үшін қолданылады. Негізгі микроорганизм
сіозігісііит анаэробты ортада зығырды жібітуге қатысады. Процесті тездету
(негізгі процесс 2,5-3 тәулік) талшық сапасын жоғарылату үшін
пектоклостридин фермент препараты, ГЗх - фильтрлеу және сіозггісііит
кептірілген культуралды сұйықтығы алынады. Препарат
жібіту процесін 2-2,5
есе тездетеді. Ал, амиллолитикалық тектес ферменттер
ерітіндіден тазарту үшін қолданылады.
Басқа өндіріс салаларында
қолданылатын ферменттер.
Былғары өндірісінде
микробты протеиназа теріні жұқарту (жұмсарту)
үшін қолданылады. Фермент препараты протеаза мен липазадан түрады. Ол
процесті тездетеді жэне де жоғары сапалы өнім алуда қолданылады.
Ауыл шаруашылығында
ферменттердің қолданылуы.
Ауыл
шаруашылығындағы ферменттердің қолданылуы 2 бағытта
жүреді.
1) Жануарлардың рационында қолданады.
2) Азықтық
ферментпен өңдеуде.
А8Р огугаі беттік
культивирлеу барысында біздің елімізде амиларазин
препаратын саңырауқүлақ культурасын кептіру арқылы
алады, құрамында а-амилаза, декстриназа, мальтоза, глюкоамилаза жэне протеиназа болады.
глюковаморин препораты кептірілген А8Р. А\Үотогі культурасы. Бүл
ферменттер ГЗх ксилавамориннің қүрамына кіреді.
1.8 Сабақты
дайындауды студенттерге тапсырма және әдістемелік ұсыныс
№1 дәріс бойынша тесттік
тапсырмалар:
1. Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейді:
- кинетика
- адсорбция
- термодинамика
- фазалық тепе-теңдіктер
- электрохимия
2. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер
етеді:
- концентрация
- қатты заттың көлемі
- еріткіш түсі
- ерітінді түсі
- тұнбаның түсі
3. Молекулалық кинетика қарастырады:
- реакция механизмін
- ерітінді көлемін
- ерітінді қысымын
- зат концентрациясын
- жүйе температурасын
4. Реакция жылдамдығы дегеніміз:
- бірлік уақыт ішінде реакцияға түскен заттың мөлшері
- көлемнің өзгерісі
- реакция кезіндегі қысымның тұрақтылығы
- реакция кезіндегі зат табиғатының өзгерісі
5. Реакция жылдамдығының теңдеуі:
υ = - dc / dt
υ = dc / dt
υ = - dc • dt
υ = - dc - dt
υ = - c + t
6. Реакция жылдамдығының өлшем бірлігі:
моль/л •сек
моль/л
г-моль/л
г/моль
мл/г
7. Әсерлесуші массалар заңын ашқан ғалым:
Гульдберг
Вант-Гофф
Аррениус
Ментен
Михаэлис
8. Тұрақты температурада біртекті реакциялардың
жылдамдығы тең:
әсерлесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне
тура тәуелді
әсерлесуші заттардың концентрацияларының айырымына
тура тәуелді
әсерлесуші заттардың температураларының айырымына
тура тәуелді
әсерлесуші заттардың фазаларының түстеріне тура
тәуелді
әсерлесуші заттардың көлемдерінің
айырымына тура тәуелді
9. 2А + В = 3С реакциясы үшін
әсерлесуші массалар заңына сәйкес тура реакцияның
жылдамдығы тең:
υ = к [А]2 • [В]
υ = к [А]
υ = к [А] • [В]
υ = к [А] + [В]
υ = к [А] - [В]
10. Химиялық реакцияның молекулалығы дегеніміз:
реакцияның қарапайым сатысына қатысатын бөлшектердің
саны
реакцияның барлық сатыларына қатысатын бөлшектердің
саны
реакцияның соңғы сатысына қатысатын бөлшектердің
саны
реакцияның температурасының дәрежесінің көрсеткіші
реакцияның концентрациясының дәрежесінің көрсеткіші
11. Химиялық реакцияның реті тең:
концентрация дәрежелерінің қосындысына
қысымның дәрежелерінің айырмына
температуралар қосындысына
концентрациялар айырмасына
бөлшектер өлшемдерінің жалпы қосындысына
12. Нөлінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы
тең:
к0 = 1 / t (с0 –с)
к0 = 1 t (с0
•с)
к0 = 1 - t (с0
–с)
к0 = t • (с0 –с)
к0 = 1 + t (с0 –с)
13. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы
тең:
к1 = 1 / t ℓn (с0 / с)
к1 = 1 / t ℓn (с0 - с)
к1 = 1 + t ℓn (с0 / с)
к1 = ℓn (с0 / с)
к1 = t • ℓn
(с0 / с)
14. Нөлінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысының
өлшемі:
моль / л•сек
моль / л
моль / сек
моль – л
моль
15. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысының
өлшемі :
сек -1
моль -1
л+сек
моль / л•сек
моль / л
№ 2 дәріс
№ 3 дәріс
№ 4 дәріс
№ 5 сабақ
1. Бір субстратты қарапайым
ферменттік реакциялардың
кинетикасы.
2. Екі субстратты қарапайым
ферменттік реакциялардың кинетикасы.
3. Екі субстратты қайтымды және
фермент кофактормен бел-сендірілген ферменттік реакциялардың кинетикасы
4. Ферменттік реакциялардың қарапайым
сатыларының жылдамдық тұрақтыларын анықтау.
№ 6 дәріс
1. Ферменттерді белсендендіру және
ингибирлеу әдістері.
2. Бір ферменттің бірнеше субстратпен әрекеттесуі.
3. Ферменттік белсенділікті реттеу.
4. Ферменттік белсенділікті қайтымды
реттеудің механизмі.
5. Ферменттік белсенділікке әсер ететін
факторлар.
6.
Ферменттердің инактивациясы.
№ 7 дәріс
1.
Ферменттерді тұрақтандыру механизмдері.
2. Әртекті
жүйелердегі ферменттік реакциялар.
3. Ферментерді биотехнологиялық өндірістерде қолдану.
1.9 Сабақты жүргізу
тәртібі
- сабақ күнтізбелік – тақырыптың
жоспарымен сәйкес жүргізіледі.
- сабақ тақырыбы анықталады,
оқу пәнімен және сабақтың басқа тақырыбымен
тақырып сәйкестеледі, талқыланады.
- сабаққа студенттің дайындығы
тексеріледі.
- сабақ тақырыпқа сәйкес
және оқу пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес
жүргізіледі.
- қорытынды сабақ жүргізіледі.
- модульді рейтинг жүйесімен сәйкес
және білімді бақылау графигімен (ББГ) әр студенттің жұмысының
нәтижесімен сәйкес балымен бағаланады. Бұл баллдар бақылау
мерзімінде лекторға беріледі.
1.10.
Қолданылған әдебиеттер
Оқулықтар ,оқу құралы,дәріс
конспектісі
Негізгі әдебиеттер:
8. Практикум по биохимии /Под ред.
С.Е.Северина, Г.А.Соловьевой. – М.: Изд-во МГУ, 1989. – 509с.
Қосымша әдебиеттер:
1.11. Студенттің міндеті
Студент міндеті:
-
студент сабақтың мақсатымен, тапсырманың
аталуымен сабақ бас-талар алдын
танысады;
- әдістемелік
ұсынысқа сәйкес теориялық материалды талқылау;
- сабақты жүргізу барысында
белсенді түрде жұмыс жасау қажет, берілген тапсырманы орындау
керек;
- әдістемелік
ұсынысқа сәйкес сабақ жүргізіліп, нәтижелері
өрнектеліп, есебі жасалады.